Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 32
Бірсыпыра ғалымдар ежелгі дайды осы күнгі қазақ адайының түпкі тегі деп есептейді. «Шынжаң тарихы сөздігінде»: «Каспийдың Хорезмге таяу шығыс жағын мекендеген ұлыс. Сондықтан «Тарихи жазбаларда Хорезммен қатар аталған» дейді»40.
Ал енді кейінгі қазақтың адай тайпасын ежелгі Дайлармен тарихи сабақтастықта қарастыратындардың пікірлеріне келер болсақ, бұл әлі де тарих ғылымында шешімін таппаған аса күрделі мәселе. Алайда, бұл пікірлерді айтушылардың көзқарастары негізсіз еместігін де айтуға тиістіміз. «Адай» этнонимі естілуі жағынан ғана емес, адайлардың өздерінің географиялық орналасулары жағынан да Дайлармен сәйкестік байқалады.
Аде, Адйе дегендер кімдер? Адайлардың арғы аталарын ежелгі Едіздермен (Аделермен) байланыстыратындар да бар. Осының нақты көрінісі зерттеуші А. Нұрмағамбетовтың адай этнонимінің шығу тарихын ежелгі Атйе, Адйе тайпаларымен байланыстыруы дер едік. Бұл қисынды пікір қытай жылнамасындағы деректерге сүйенеді. Сонымен қатар, зерттеуші осы көзқарасты қолдайтын басқа ғалымдардың пікірлеріне де жүгінеді. Мысалы, В.В. Радловтың ежелгі Гао-гюлер құрамынан Бае-гумен қатар Аде руын да кездестіргені белгілі41. Л.П. Потаповтың УІ-УІІІ ғасырлардағы Теле бірлестігі құрамынан да басқалармен қатар Адйе руын атап кеткенін білеміз42. Л.Н. Гумилевтің Телелер құрамы туралы жазғанда осы Адйені кейде Аде деп көрсеткенін байқаймыз43. Осы тарихи зерттеулерді қамтып жазған А.Нұрмағамбетов бұрынғы тарихи деректерден 1425 жылы Адай деген кісінің өзін хан жариялағаны туралы деректі кездестіргенін айта кетеді44. Алайда өзі келтіріп отырған осы соңғы дерекке зерттеушінің өзі күмәнданып, былай деп жазады: «…Однако вести род адай Младшего жуза от этого имени было бы неправильным. Как видим, в вышеупомянутых источниках этот этноним встречается в самых различных звуковых вариантах: Ады, Аде, Адйе, что не может быть отнесено к фактам случайного характера»45.
Иә тарихта Адай деген тарихи тұлғаның болғаны да, оның өзі басқарған руда аса беделді болғанын да ешкім теріске шығара қойған жоқ. Алайда аталмыш этнонимнің моңғол жаулауы кезеңінен едәуір бұрын тарих сахнасына шығуы шындығында да адайлар тарихының әріден басталатынын байқата түседі. Оның үстіне А. Нұрмағамбетов Аде, Ада, Атйе, және Одоют атауларының фонетикалық заңдылықтар негізінде адай деген түрге өзгерулері мүмкін екендігін дәлелдеуге тырысады. Ол Одой атты сөз түбіріне жалғанған – т, ут жалғауларының моңғол тілінде көптік жалғауларды аңғартатынына назар аударады және
40
Сонда, 257-б.
41
Радлов В.В. К вопросу об уйгурах. – СПб., 1893. – 90 с.
42
Потапов Л.П. Этнический состав и происхождение алтайцев. – Л., 1969. – 151 с.
43
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967. – 62-266 с.
44
Нурмагамбетов А. О казахских этнонимах Адай и Шеркес // Тюркская ономастика. – Алма-Ата, 1984. – 91 с.
45
Там же, 91-92 с.