Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 36

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

діни наным сенімдеріндегі, әдет-ғұрыптарындағы, шаруашылықтарындағы, қолөнеріндегі, тұрмысындағы ұқсастықтардан байқауға болады. Бізге мәлім, сақ тайпаларының наным сенімдерінде әр түрлі культтер: от, күн, аруақтар үлкен рөл атқарған.

      Антикалық және көне парсы тіліндегі деректерде сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы «Күн» деп көрсетіледі. Геродоттың «Тарих» шығармасында мынадай жайт баяндалады. Кезінде парсы патшасы Кир қартайған шағында қазіргі Жетісу жерін мекендеген массагеттерге шабуыл жасайды. Алайда массагеттер ашық шайқасқа түспей қашқақтайды. Сол кезде Кир өзінің кеңесшісі Крездің кеңесімен массагеттер патшайымы Томиристің ұлы Спаргаписті алдап тұтқынға түсіреді. Өзінің баласын қайтарып алмақ болып Кирге елші жіберген Томирис өз сөзінде: «қанқұмар Кир, атқарған ісіңді мақтан тұтатын шығарсың. Сен менің ұлымды ашық шайқаста емес, қулық әрекетпен қолға түсірдің. Саған айтар ақылым менің ұлымды қайтар да еш жазасыз еліңе қайта бер. Егер менің айтқанымды орындамасаң массагеттердің қамқоршысы – Күн атынан ант беремін. Сені қанға бөктіремін», – деген сөздер берілген53. Сақ-скиф тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап алынады. «Тарих» шығармасында массагеттер жайлы айта келіп «олардың құрмет тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы – Күн. Оған арнап жылқыны құрбандық шалады. Мұның мәнісі ең жылдам құдайға ең жүйрік жануарды құрбан ету», – деп көрсетеді.

      ҚР Президенті мұражайындағы Берел обасынан табылған жылқының реконструкциясы sabaq.kz

      Археологиялық деректерде Күн сеніміне байланысты фактілер көптеп кездеседі. Жетісу өңіріңдегі сақ дәуіріне қатысты «Бесшатыр» қорымындағы корғандардың формасы дөңгелек тәрізді болып келеді және олардың айналасы қырынан қойып көмілген жалпақ тастардан тұрады. Қорғандардың сыртқы формасынан олардың күн культімен тығыз байланысы аңғарылады.

      Қазба жұмыстары барысында жерленген адам мәйіті жанынан құрбандық шалынып, бірге көмілген жылқы қаңқасын көруге болады. Жетісу жерінде адамды ағаш бөренеден жасалған жеке бөлмеге жерлеп, қасында қосымша бөлмеге бір немесе бірнеше жылқыны қоса жерлейтін болған. «Берел» қорымының № 11 және № 36 қорғандарынан жылқы қаңқалары табылған54. Үлкен Берел обасынан жерленген бекзада басын тесіп, ота жасау кезінде қайтыс болғаны анықталды. Оны жерлеуде басына тау ешкілері мүйіздері орнатылған жабынды кигізілген 13 жирен сәйгүліктер қоса жерленген.

      Оңтүстік Қазақстан өңірінен табылған Ұйғарақ ескерткішінде жерленген адамдардың басы шығысқа немесе солтүстік-шығысқа бағытталуының олардағы Күн сенімінің болғанымен тығыз байланысы бар.

      Ерте темір дәуіріне сәйкес Орталық Қазақстанға тән ескерткіштер – «Тасмола мәдениеті» деп аталады. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі «мұртты обалардың» болуында. Бұл мәдениетте негізгі обада адам жерленсе, қосымша екі обада жылқылар немесе жылқының бас сүйегі қоса жерленеді. «Тасмола – 1» ескерткішінде жерленген адам

Скачать книгу


<p>53</p>

Геродот. История. – М., 2009. – 104 с.

<p>54</p>

Омаров Ғ. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі. – Алматы, 2012. – 96-б.