Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 34
Массагеттер Дахтар (Дайлар) ма? Тегінде Массагеттер деп жүргендеріміз Дахтардың (Дайлардың) өзі болуы да мүмкін. Зерттеуші С.Г. Кляшторный Дахтар дегеніміз – Геродотта айтылатын Массагеттердің өзі болса керек деген қорытындыга келеді. Өйткені, аталмыш өңірде адамдарды және жылқыларды қоргайтын сауытты осы Дахтар гана пайдаланган. Ал, Геродоттың жазбаларында Массагеттердің өздерінің жылқыларының кеудесін мыстан жасалган сауыттармен қаптайтыны айтылады. Осыган байланысты заттық деректі, темірден жасалган пластина сауытты С.П. Толстовтың Хорезм экспедициясы да осы аймақтан тауып алганы ойландырады. Осы айтылгандарга қосарымыз, ежелгі деректер «Авестада», Ксеркстің жазбаларында, Арианның еңбегінде Дахтардың дәл осындай атаумен аталатынына зерттеушілер назар аударып отыр. Соган қараганда, Сыр бойындагы тайпалар бірлестігі айтарлықтай ұзақ мерзімге Дахтар (дайлар) деген атаумен тарих сахнасында әрекет жасаган тәрізді.
Кезінде б.з.б. IV г. Танаистың аргы бетін (Сырдарияның аргы бетін) және Арал бойын мекендеген Дахтар Александр Македонскиймен шайқасып, Дарий ІІІ-нің жағында соғысқанын білеміз. Бүгінгі күні тарихшылардың бір тобы Батыс Қазақстан территориясындағы ерте сарматтардың ескерткіші «прохоров» мәдениетін қалыптастыруда осы көшпелі Дах тайпаларының шешуші рөл атқарғандарын және кейінгілердің Арал бойына Каспийдің оңтүстік-шығыс бөлігінен келіп қоныстанғандарын айтып жүр. Кейіннен Александрдың жағына шыққан олар оның одақтасына айналып, тіптен Үндістанға жасалған жорықтарға да қатысқан. Бұл Арриан келтірген деректерден белгілі.
Александрдың жанындағы серіктері скифтердің ішінде жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ең кедей тайпаларды Массагеттер деп атаған. Осы айтылғандардан аңғаратындарымыз, Массагеттер мен Дахтарды бөтен тайпалар ретінде қарсы қоюға болмайды. Оның үстіне, бұл тайпалардың территориялық жағынан да саяси, тіптен рухани тұрғыдан да Арал бойында ортақ қасиеттері көп болған және Страбон жазғандай, бұлар бір ғана құдайға – күн құдайы Митраға табынған, және оған бағыштап жылқыларын құрбандыққа шалып отырған. Оларға жеміс теріп, балық аулайтын, тіптен өзендер бойында жер өңдейтін кейбір тайпалар да бағынышты болған. Бұл айтылғандарды Түгіскен мен Ұйғарақта жүргізілген археологиялық қазбалар жақсы дәлелдеп беріп отыр.
Бұдан шығатын қорытынды: Массагеттер негізінен көшпелілердің көптеген бірлестіктерін қамтыған. Олардың жалпылама атауы Массагеттер – Арал бойындағы ортақ генеологиялық дәстүрлері бар, бәлкім, эпонимі, яғни ортақ ата-бабасы, бәрінен бұрын аңыздық тұрғыдағы бабалары бар Арал бойындағы ежелгі тайпалардың ортақ атауы. Бұл атау тіптен, иран ономастикасында да сақталған екен. Ал Дахтарға (Дайларға) келетін болсақ, олар Сырдария және Арал бойы
51
Кляшторный С.Г., Султанов ТИ. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневе- ковье. – СПб., 2004. – 44 с.