Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 29
Б.з.б. 327 жылы Ескендір Зұлқарнайын жаулап алу жорықтарын Үндістанға бағыттады. Сақтар гректермен одақтаса отырып, бұл жорыққа да қатысты. Замандастары көшпелілердің әскери өнерін жоғары бағалады. Гидаспе маңындағы шайқаста көшпелілер Ескендір Зұлқарнайын әскері сапында үнділерге қарсы шайқасқа қатысады. Бұл жорыққа көшпелі тайпалардың ішінен дайлар мен скифтер ғана қатысқан еді. Ескендір әскерінен оқ бойы алда келе жатқан бұл авангард әскер бірінші болып ұрысқа кірісіп, даңқты қолбасшының жеңіске жетуіне барынша мүмкіндік жасаған.
Ежелден Еуразия даласын мекендеген тайпалар алғаш жылқыны қолға үйретіп, темірден қару жасап қана қоймай, сауыт-сайман жасауды да игерді. Сақ тайпаларының әскери жетістіктері – атты әскердің және жетілген, ықшам қаруларды пайдаланудың нәтижесінде, соғысу әдістерінің басқалардан ерекшелігінен қамтамасыз етілген еді.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. Массагеттер патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кирдің әскерлері арасында өткен шайқас жайлы баяндаңыз.
2. Сақ-парсы соғыстарының себептерін атап көрсетіңіз.
3. Скиф Шырақтың ерлігі жайлы не білесіз?
4. Парсы патшасы Дарийдің Бехистун жазбасында сақтар жайлы не жазылған?
5. Скифтердің соғыс өнеріндегі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
6. Сақтардың Ескендір Зұлқарнайынның жорықтарына қатысы жайлы не білесіз?
§ 4. Дай сақтары
Ежелгі Қазақстан аймағындағы тайпалық бірлестіктер туралы әңгімелегенде дай тайпалық бірлестігін айналып өте алмаймыз. Өйткені бұл тарихи деректерде ерте заманнан бастап кездеседі. Мәселеге тереңдеңкіреп барар болсақ, ең алғаш «дай» этнонимінің, дәлірек айтар болсақ, Дай тайпасының шығу тегін анықтап алған жөн екендігін байқағандай боламыз. Бұл мәселеде еуропалық және қазақстандық зерттеушілердің сүйенетін ең басты дерегі әйгілі Страбонның «География» атты еңбегі. Ол Дай деп аталатын скифтердің бір бөлігінің Каспий мен Арал теңіздері арасында жортып жүретіндерін алғаш рет жазып қалдырған еді. Оның айтуынша бұл тайпа Апарна, Ксанфия, Писсур деп аталатын үш бөліктен тұрады екен26. Қытайлық зерттеушілер ежелгі қытай жылнамасына сүйеніп ежелгі «дай» этнонимін төмендегіше түсіндіреді: Сөзбе-сөз айтар болсақ, олар былай деп атап көрсетеді: «Дай, көнеше оқылуы: дад-иек немесе дариек) – ертедегі ел. Бұл жөнінде «Тарихи жазбалардың түсіндірмелі толық аудармасында»: «Дай – шағын мемлекет орны Әмударияның төменгі алабында. Батыстың тарихи кітаптарында айтылатын Дае болуы мүмкін». Айта кеткен жөн, қытайдың тарихи жазбаларында осы елден батысқа бірінші болып барған Чжан Цянның (Жаң Чянның) және оның серіктерінің алғашқы мәліметтерінде Дайлар елі және олардың көршілері
26
Страбон. География. В семнадцати книгах. – М., 1879. – 521 с.