Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 25

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      Әйгілі грек тарихшысы Геродот: «Массагеттердің тұрмысы скифтерге ұқсас, киім кию үлгісі де бірдей. Олар майданда салт атты әскер ретінде де, жаяу әскер ретінде де соғыса береді. Қару түрінен кәдімгі садақпен қатар, найза мен айбалта кең тараған. Олардың бұйымдары көбіне алтын мен күмістен жасалады. Алайда найза, жебе мен айбалтаның темір бөлігін көбіне мыстан дайындайды. Адамның киімі, белдігі мен ілмешектерін алтынмен өрнектейді. Жылқыларына да мыс сауыт пен төсқағар кигізіп, әбзелдерін алтынмен әрлейді», – деп жазады21.

      Кир үшін қайғылы аяқталатын сақтарға қарсы жорық 530 жылы, оның қартайған (70 жасқа таяу) шағында болды. Кир соғыс бастамас бұрын, сақ патшасы Томириске елші аттандырады: Кир Томириске құда түсіп, оны өзінің әйелі етіп алғысы келеді. Томирис Кирдің оған емес, оның еліне құда түсіп тұрғандығын сезеді де, елшілікті құр қол қайтарады. Мұндай қулыққа құрылған құдалықтан түк шықпағандығын байқаған Кир Әмудария өзенінің бойынан әскерлер өтетін көпірлер мен жауынгерлер тұрақтайтын орындар сала бастайды. Мұның өзі Кирдің сақ тайпаларын өзінің қатарына қосып алмай тынбайтындығын байқатады. Ол Сырдарияның жағалауына Куриштиш қаласының негізін қалайды. Ал сақ патшайымы Томирис болса, осы құрылыстарды тоқтатуды бұйырады.

      Томирис патшайым. kazakhhistory.blogspot.com

      Томирис өзінің адамы арқылы өзеннің бергі бетінен: «Мидия патшасы! өз райыңнан қайт. Көпірдің саған пайдалы немесе зиянды болатынын сен алдын ала білмейсің ғой. Бұл әрекетіңді қойып, өз еліңді билей бер… Егер сен масс агеттерге шабуыл жас ағың келсе, көпір салуды тоқтатып, өзеннен еркін өте бер. Мен өз әскерімді өзеннен үш күндік алшақтыққа алып кетейін немесе сен рұқсат берсең, сондай шартпен мен сенің жеріңе өтейін», – деген ұсыныс жасайды22.

      Міне, осы ұсыныстан кейін Кир әскери кеңес шақырып, не істеу керектігі жөнінде ақылдасады. Басқалардың пікірі де Кирдің ойымен ұштасып, сақтарды өзінің жерінде күтуді жөн көреді. Бірақ осы кеңеске қатысып отырған мидиялық Крез олардың бұл шешімдерін қолдамайтындығын айтып, өзінің жобасын ұсынады: Егер сен жауларды өз жерінде қабылдап, олардан жеңіліп қалатын жағдай болса, онда сен жеріңнен ғана емес, еліңнен де айырыласың. Өйткені ашық айқаста сақтар сені жеңіп кетсе, олар онымен тоқталмайды, одан әрі жылжып, бүкіл еліңді талқандайды. Сонымен бірге жауларды өз жеріңде қабылдау сенің әулетің үшін және сенің даңқты есіміңе кері әсері бар. Себебі халық сені Томиристен қорқып өзеннің бергі бетінде қабылдады деген пікір айтуы мүмкін. Ал егер сен шайқасты сақтардың жерінде өткізсең, ол саған өте пайдалы болып табылады. Олай дейтінім, сен Томиристің әскерін ашық айқаста жеңсең, бүкіл сақ жері сенің қол астыңда болады. Ал ондай жеңіске қол жеткізу үшін сен өзеннің ар жағына өтіп, қосыңды құр да, сараңданбай көп мал сойып, әр түрлі тағам дайында және де көптеген мөлшерде шарап қалдырып, әскеріңнің

Скачать книгу


<p>21</p>

Геродот. История в девяти книгах / пер. и примечания Г.А. Стратановского. – М., 2009. – 100 с.

<p>22</p>

Геродот. История. – М., 2009. – 100 с.