Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 23

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

тайпалары жайлы Рим императоры Августың қарауында қызмет еткен грек географы Страбон (б.з.б. 64-30 жж.) да жазған. Оның 17 томдық еңбегі «География» деп аталады. Осы шығарманың тоғызыншы және оныншы томдары Қазақстан аумағы мен Орта Азия тарихына және осы жерлерді мекендеген тайпаларға арналған. Біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында жазылған Птолемейдің «География» шығармасында да құнды мәліметтер бар. Онда Қазақстан мен Орта Азия аумағында қалалар, тау сілемдері, өзендер мен көлдердің географиялық координаттары көрсетілген.

      Ерте темір дәуірі б.з.б. VІІ-ІV ғасырлар аралығын қамтиды. Осы кезеңде Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларды археолог ғалымдар «ерте темір дәуірі тайпалары» деп атаса, тарихшы ғалымдар көбіне «сақ» атауын қолданады. Жоғарыда аталған деректер мәліметтеріне сүйенсек, б.з.б. VІІ-ІV ғасырларында қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларды гректер – «азиялық скифтер», парсылар – «сақтар», ал арийлер «турлар» деп атаған. Сондай-ақ, б.з.б. ІІ ғасырда жазылған қытай деректерінде «Сэ» атауын да қолданады. Бұл атауларға талдау жасасақ мынандай тұжырымдар жасауға болады. Гректер Қара теңіз жағалауы мен Еділ (Танайс) өзені аралығын мекендеген тайпаларға «скиф» атауын қолданған. Геродот «Танайс өзенінің арғы жағындағы тайпалардың тілі, діни наным-сенімдері мен тұрмысы да скифтерге ұқсайды, бірақ олар Азияны мекендейтін скифтер» – деп атап көрсетіп, «скиф» атауын бүгінгі Қазақстан жерін мекендейтін тайпаларға таңып отыр. Геродоттың еңбегіндегі жеке тайпалардың атауларына үңілсек, исседондар – «тақырбастылар, аргипейлер – «жалғыз көзділер», аримаспылар – «алтын қорған самұрықтар» – деген ұғымды білдіретінін көреміз.

      Олай болса, Геродот Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың шын атауын білмейтінін, ал оның беріп отырған атауларының таңылған атау екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені, ол кезде гректер өздерін өркениетті ел санап, басқаларға «жабайылар» түрінде қараған. Сол себепті де гректерге көршілес елдерге, әсіресе көшпелілерге атауларды өздері таңған.

      «Авеста» діни кітабындағы «тур» атауын да осылай ой елегінен өткізген жөн. Арийлер Әмудариядан солтүстікке қарай орналасқан тайпаларға осындай жиынтық ат берген. Шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд арийлердің кейін келіп қоныстанған жері «Арийана Вайж» немесе «Ариран» деп аталған, кейіннен «Иран» атауы «Персия» ұғымын ығыстырған» деп түсіндіреді. Ал Ирандағы Саманилер дәуірінде өмір сүрген шайыры Әлішер Фердауси парсының ежелден бергі тарихын жырлайтын «Шахнаме» дастанында «Иранға қарама-қарсы орналасқан елді – «Туран» деп атай келіп, олардың халқына қатысты «турлар» атауын қолданады. «Тур» атауын шығыстанушы ғалым Струве «еңіреген ерлер» немесе «құдыретті еркектер» деп аударады. Қазіргі кезде «тур» атауы мағынасына байланысты «жүйрік ат мінгендер», «көшпелілер» деген аудармалар да қоданылып жүр. Бұдан «тур» атауы – қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өмір сүру салты мен тұрмысына қарай таңылған атау деп

Скачать книгу