Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 30
Геродоттың айтуынша, Дайлар парсылардың құрамында өмір сүрген көшпелілер болып табылады. Ал Ксеркстің жазбаларында (б.з.б. 486-464 жж.) олар туралы ахеменидтерге бағынышты халық ретінде айтады. С.Е. Әжіғали осы мәселеге байланысты зерттеушілердің көзқарастарына нақты талдаулар жасаған. Ол кейбір зерттеушілердің дахтардың/дайлардың Каспийдің оңтүстік шығыс жағалауын мекендегендері туралы мәліметтеріне назар аудара келе, сонымен бірге дахтар алғашқы кезде солтүстік шығыс Арал жағалауларында қоныстанған болса керек деген пікірге де тоқтала кетеді. Зерттеуші бұл жерде әйгілі Страбонның осы мәселеге байланысты айтқандарына сүйенеді30.
Дахтардың тарихи жылжу жолдарына көрнекі түрде көз жеткізу үшін жоғарыда біз атап кеткен С.П. Толстовтың тарихи карталарына назар аударған жөн деп ойлаймыз. Ол Хорезм мемлекетінің және оны қоршаған елдердің б.з.б. УІ-ІУ ғасырлардағы орналасу орындарын көрсететін картасында Арал теңізінің шығысында, исседондардың батысындағы көршілер ретінде орналастырған. Онан дахтардың солтүстігін яксаматтар, оңтүстік шығысын сақтар, оңтүстігін массагеттер, оңтүстік батысын хорасмиилар мекендегенін айқын байқауға болады31 (деректер негізінде картаны дайындаған профессор Т.О. Омарбеков).
Маңғыстау өңірінің көне тарихына көптеген еңбектерін багыштаган Серікбол Қондыбай кезінде осы Страбонның пікірін төмендегіше аударған еді: «Страбон: «Каспий теңізінен бастап скифтердің көпшілік бөлігі Дай деп аталады, одан әрі шығысқа қарай тұратындары массагеттер мен сақтар, қалғандарын жалпылай скифтер дейді, алайда әрбір тайпаның өз атаулары бар. Олардың ішінде ең танымалдары – сақтар мен соғдылардан соң Яксарт жағасынан келген астар, пасиактар, тохарлар, сакаравлдар; бұл жағалауды сақтар иеленген»
28
Ажигали С.Е. Очерк этнической истории аридной зоны Арало-Каспий (в свете проблем этногенеза) // История и культура Арало-Каспия. Сборник статей. – Вып. 1. – Алматы, 2001. – 14 с.
29
Толстов С. П. По следам древнехорезмийской цивилизации. – М. – Л., 1948. – 102-142 с.
30
Ажигали С.Е. Очерк этнической истории аридной зоны Арало-Каспий (в свете проблем этногенеза) // История и культура Арало-Каспия. Сборник статей. – Вып. 1. – Алматы, 2001. – 14 с.
31
Толстов С. П. По следам древнехорезмийской цивилизации. – М. – Л.,1948. – 102 с.