Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 35

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

деп атады және оларға «үлкен және күшті тайпалар» деген сипаттама беріп үлгерді. Геродоттың айтуына қарағанда, Массагеттер Каспий теңізінен шығысқа қарай жазық далада Аракс өзенінің арғы бетінде өмір сүрген екен. Олардың қоныстанған жерлері мидай батпақ жерлерге алып барады екен. Сонымен бірге бұл кезде толық сулы өзен болған Үзбой массагеттердің оңтүстіктегі шекарасы болса керек. Осы өзеннен арғы бетке өту үшін Кир көпірлер салып, кемелерден мұнаралар тұрғызған.

      Кирдің осы елдерге жорығы массагеттердің қахарман патшайымы Томиристы тарих сахнасына шығарғаны белгілі. Әр түрлі әңгімелерге қарамастан, тарихшылар Кирдің осы Үзбой бойында, яғни Амудария жағасында қайтыс болғанын тарихи шындық ретінде қабылдайды. Бұл оқиға б.з.б. 530 ж. тамыз айында орын алған болса керек. Шынайы деректер Кирдің денесі жаудың қолында қалмай, Пасаргадыға әкелінгенін және оның басына үлкен қабір тұрғызғанын айқындап береді. Алайда парсы әскерлерінің Кир қайтыс болғаннан кейін Массагеттермен ұрысты қалай жалғастырғаны туралы біздің қолымызда мәліметтер жоқ.

      Дарийдің Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жылдан кейін, яғни б.з.б. 519 жылы қалың әскермен Сақтар еліне барғаны және оның үшкір бас киімдер киетін Сақтармен соғысып, жеңіске жеткенін, олардың бір бөлігін тұтқындап, тіптен Скунха деп аталатын көсемдерін қолға түсіргенін, онан соң бұл тайпаларға Дарийдің жаңа көсем тағайындап, бұл елді өзіне біржолата қаратқанын тарихи деректер атап көрсетеді52.

      «Массагет» атауы неге жоғалды? «Массагет» атауының тарих сахнасында уақытша қолданыста болғаны белгілі. Мұның, әрине себебі бар. С.Г. Кляшторныйдың ойынша, б.з.б. ІІІ ғ. Дах (Дай) атауы ертеректе қолданылған жалпы атау Массагетті толығымен ығыстырып шығарған. Бұл үдеріс бұл кезде тіптен, Каспий аймағында да толық аяқталған. Және тағы бір назар аударар мәселе: «солтүстік өңірде, яғни Батыс Қазақстан далаларында және Арал өңірінде Дах-Массагет жаулап алулары б.з.б. ІІІ ғ., яғни осыдан 1,5 мың жыл бұрынғы оқиғаны қайталап, Геродот Савроматтардың ұрпақтары, тілі және өмір дағдылары мен мәдениеті жағынан сақтарға жақын деп көрсеткен Сармат тайпаларын Қара теңіз бойындағы Скифияға кетуге мәжбүр етті» деп атап көрсетеді.

      Осы қорытындыға байланысты біздің алып-қосарымыз жоқ. Бірақ та Дахтар (Дайлар) мен Массагеттер ығыстырған Сарматтар түгелдей батысқа көшіп кетті десек артық айтар едік. Өйткені, Сармат тайпаларының да құрылымы аса күрделі болғаны және олардың біраз бөлігінің сол тұста-ақ сақтарға сіңіп кеткені белгілі. Ал Дахтардың, яғни Дайлардың кейбір тайпаларының үздіксіз қозғалыста болып, кейде оңтүстікке жылжығаны тағы да белгілі нәрсе. Сондықтан да Дахтар мен Массагеттерден ығысқандар Сарматтардың көпшілік бөлігі еді деп айтқанымыз тарихи шындыққа сәйкес келеді.

      Осыған байланысты тағы бір толықтыра түсер мәселе, қазіргі зерттеушілердің б.з.б. ІІІ ғ. Дахтардың (Дайлардың) Сыр бойынан Каспий өңіріндегі далаларға жылжығандарын,

Скачать книгу


<p>52</p>

Кляшторный С.Г., Султанов ТИ. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневе- ковье. – СПб., 2004. – 39-40 с.