Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 15

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

көшпелі шаруашылықтарының да өзіндік келбеті бар.

      «Но мадтар» және «Көшпелілер» атауларын дұрыс қолда нып жүрміз бе? Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: әр аймақтағы көшпелілік өзіндік ерекшеліктерге ие болғандықтан жоғарғы өркениетке қол жеткізген отырықшы елдердің зерттеушілері «номадизм» деген атауды көшпеліліктің қандай түріне қолдануға болатынын анықтап алулары керек. Біздің ойымызша «номадтар» деп белгілі бір атамекені, географиялық аймағы жоқ және тұрақты көшу бағыттары да айқын емес қаңғыбас, баспанасыз көшпелілер тобыры аталуы керек. Ал «көшпелілік» атауы көшу аймақтары нақты белгіленген, белгілі бір табиғи климаттық және географиялық ортаға тәуелді, тұрақты және дәстүрлі мал шаруашылығын қалыптастырған, көшу кезеңдері тәртіптелген (қыстаулары, көктеулері, жайлаулары және күзеулері анық белгіленген), соған байланысты көшпелілікке бейімделген баспаналары (киіз үй, қыстаулар және т.б.) бар, тұрмыс-салты тұрақтаған, дәстүрлі шаруашылық түрімен айналысатын адамдардың этно-әлеуметтік қауымдастығына қолданылуы тиіс. Өйткені зерттеулер көрсеткендей, көшпеліліктің шығуы табиғи-климаттық ортаға тікелей тәуелді.

      Көшпелілік қашан және қалай пайда болды? Әдетте, тарихи зерттеулер көшпеліліктің (еуропалық зерттеулерде – номадизмнің) өзін мал бағушылардың өмір сүру көрінісі, түрі ретінде бағалай отырып, оның б.з.б. 2000 мыңжылдықтың соңында және 1000 жылдықтың басында Еуразияның таулы далалық аймақтарындағы тайпалардың отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылық түрінен біртіндеп жылжымалы мал шаруашылығына көшу үдерістеріне жалғасқанын атап көрсетеді.

      Кезінде профессор С.П. Швецов «қазақ надан, қараңғы болғандықтан көшпелі болған жоқ, оны табиғи орта көшпелі болуға мәжбүрледі» деген қағиданы ғылыми айналымға енгізген болатын. Осыған орай Л.Н. Гумилевтің көшпеліліктің шығуын төмендегіше түсіндіргені еске түседі: «б.з.д. 2 мыңжылдықта жергілікті далалық этностар әлі отырықшы өмір сүрді, және олардың кейбірі егін шаруашылығын және отырықшы мал шаруашылығын кеңінен қолданды. Бірақ б.з.б. 1 мыңжылдықтың орта шенінде орын алған құрғақшылық су көздерінің айналасын құрғатып, құмды бүркеп жатқан топырақ қабатын бүлдірді. Жел құмды суырып, даланың үстіне көтеріп, оның көптеген аймақтарын егін шаруашылығы үшін жарамсыз жағдайға келтірді. Амал жоқ, құрғақшылық заманында шөп азайып кеткендіктен мал шаруашылығына көшуге және малды жаңа аймаққа айдауға тура келді. Осылайша осы далаларда климаттық өзгерістердің ауысуынан және ежелгі диқандардың шаруашылықты жүргізуінен пайда болған жағдайға бейімделген шаруашылық жүйесі ретінде көшпелі мал шаруашылығы пайда болды». Бұл айтылғандардың қисыны бар.

      Сонымен бірге көптеген зерттеушілер Еуразия аймағындагы көшпеліліктің шыгу кезеңін б.з.д. 5-4 мыңжылдықтардан бастайды. Бірақ көшпелі тұрмыстың қалыптасуы жоғарыда Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей б.з.д. 2-1 мыңжылдықтардың қиылысында аяқталды деген көзқарасты ұстанып келеді. Хазанов,

Скачать книгу