Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 14

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

маңызы зор болды. Олар Сарыарқаны көктеп өтіп, тармақтарға бөлініп, түрлі аймақтарды байланыстырды.

      Жалпы ежелгі Қазақстан аймағында қола дәуіріндегі адамдар шаруашылығы салыстырмалы түрде қарастырғанда едәуір дамыды, және аймақтық табиғи-климаттық жағдайға жақсы бейімделіп өркендеді. Қола дәуіріндегі тайпалар өзіндік мәдени кеңістіктер қалыптастырды және солардың негізінде көшпелі халықтың бастапқы мәдениеті қалыптасты.

      Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

      1. Андронов мәдениетінің басты ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

      2. Андронов мәдениетінің кезеңделуі мәселесіне тоқталыңыз.

      3. Әлкей Марғұланның қола дәуірін зерттеудегі орны мен рөліне тоқталыңыз

      4. Петроглифтердің тарихи дерек көзі екендігіне дәлел келтіріңіз.

      5. Қазақстан аумағында тасқа қашалып салынған суреттердің санын атап көрсетіңіз.

      § 3. Көшпеліліктің шығуы (генезисі)

      Көшпелілікке сипаттама. Орталық Азия елдері тарихында Көшпелілік Еуропа зерттеушілерінің еңбегінде «номадизм» деген жалпылама сипаттамаларға ие болған. Шын мәнінде тарихи зерттеулерге жасалған талдау көшпеліліктің әр түрлі түрде кездесетінін және оның эволюциялық сатылары бар екендігін көрсетіп отыр.

      Тарих ғылымында көшпелілерде мемлекеттіліктің пайда болуының бірнеше теориялары бар. Олардың ішінде кеңінен таралғаны екі көзқарас. Бірінші тұжырымдама ханның, билікке ұмтылып көрші жатқан жерлерді басып алуға тырысқан рулық аристократияны биліктен тайдыруы арқылы мемлекеттің құрылуынан тұрады. Екінші концепция рулық қатынастардың дағдарысын өткеріп жатқан тайпалардың басын біріктіріп, олардың билік институттарын тайпа үсті билік жүйесінің функцияларына бағындырудан тұрады. Бұл үрдістерінің дамуын зерттеушілер хунну, сяньби, жужан, туцзюе-түрік, ұйғыр, қырғыз, қимақ және моңғолдардың мысалында, оларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады16. Осы тұрғыдан алғанда біз наймандардың көне мемлекетінің пайда болу тарихын зерттей отырып, көшпелілердің әлеуметтік-саяси институттары мен салық жүйесі ұқсас болды деген пікірге тірелеміз. Бұл ұқсастық бірінші кезекте мал шаруашылықты экономиканың қызметінің барлық жерде де бірдей болуынан туындайды. В. Трепавлов көшпелі мемлекеттердің барлығының бір-бірімен органикалық байланысы туралы идеяны ортаға тастады. Бұл байланыс, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда сабақтастықты анықтап, зерттеушілерге тарихтың әр кезеңінде пайда болған көшпелі мемлекеттік құрылымды «номадтардың қоғамдық құрылысының дамуының біртұтас үдерісінің баспалдақтары» немесе дәуірі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді17. Біз бұған, көшпелілердегі мемлекетгіліктің қалыптасуы тек бұрынғы көшпелілердің мемлекет құрушы элементтерін қабылдап алып, бекітумен ғана емес көрші отырықшы-жер өңдеуші халықтардың да әсерімен жүзеге асқанын қосар

Скачать книгу


<p>16</p>

Бартольд В. Сочинения. – М., 1968. – Т. 5; Марков ГЕ. Кочевники Азии: структура хозяйства и об- щественной организации. – М., 1976; Плетнева С.А. Кочевники средневековья. Поиски исторических закономерностей. – М., 1982; Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967.

<p>17</p>

Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – М., 1993. – 14-15 с.