Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 8

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

негізгі ескерткіштері ұсынылып отыр10.

      1. Қарсы (Қарши), 2. Шәуші, 3. Шақбақата, 4. Тоқтауыл, 5. Жаңашілік-1-3, 6. Маятас, 7. Алмалысай, 8. Шахантай-1, 9. Бүркітті, 10. Соркөл-1,2, 11. Бөген, 12. Шүлбі, 13. Талдыөзек-21, 14.Әкімбек, 15. Қарағанды-15, 16. Тұз, 17. Дүзбай-6, 18. Қарасор-5-6, 19. Обаған-1,3,5,7,8, 20. Евгеньевка-1, 21. Мичурин, 22. Явленко-2, 23. Тельман-2,7,8,9,14, 24. Виноградов-2-12, 25. Куропаткин-3, 26. Құдайкөл-3, 27. Шідерті-3.

      Неолит. Бұл уақыт тасты өңдеу техникасының дамыған кезеңі болды, тасты өңдеудің жаңа технологиялары пайда бола бастайды: тегістеу, бұрғылау, аралау. Тастан балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасау кең етек алды.

      Неолит кезеңінің басты жаңалығы егіншіліктің, мал шаруашылығының қалыптасуы болды, оның негізінде бұрынғы табиғаттың дайын өнімін пайдаланудың орнына енді адамдар өздері өнім өндіретін шаруашылыққа ауысты. Өндірістік күштің дамуы мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына негіз болды. Қазақстанның байырғы тұрғындарында кен өндіру ісінің бастапқы белгілері пайда болып, қыш құмыра жасау ісі және тоқымашылық қалыптаса бастайды.

      Жаңа даму кезеңі – неолитте осылайша біртіндеп мал шаруашылығы және егін шаруашылығы өмірге келе бастады. Ол байырғы анайы термешілік пен аңшылықты біртіндеп ығыстырып шығарды. Алғашқы адамның осылайша тұтынушылық шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа ауыстыруы неолит төңкерісі деген атпен ғылымға енді. Тіршіліктің жаңа сатысының қалыптасу барысында енді адамдарда жаңа құрал-саймандар – астық жаныштауыштар, балталар, шоттар пайда болды. Еңбектенген, ізденімпаз адам балшықты және керамиканы өңдейтін болып алды. Алғашқы қауымнан адам баласы осылайша матриархалды-рулық құрылысқа біржолата өтті. Алғашқы адамның табиғи ортасы диқаншылыққа және мал шаруашылығына қолайлы Қазақстан аймағына біртіндеп қоныстануы көп кешікпей-ақ оның барлық аймақтарын меңгеруге алып келді. Мұны Қазақстан жеріндегі осы кезеңнің алғашқы адамдар тұрған ескерткіштері айқын көрсетіп отыр11.

      Қараүңгір қуысы. Сурет авторы Ж.К. Таймағамбетов

      Неолит кезеңінде ұжымдық еңбек ету мен өндіріс құралдарын ортақ меншік ретінде пайдалану тән болған алғашқы жаңа қоғамдық құрылым пайда болды. Мұндай жаңа қауымдастықта тайпалардың өзіне тән өмір сүру аумағы, өзіндік атауы, сөйлеу диалектісі және басқа да ерекшеліктері көрініс берді. Әлеуметтік қатынаста неолит дәуірі рулық қауымдастық кезеңі болды. Сонымен қатар, бұл кезең қоғамдасып еңбек етудің жоғары деңгейде дамыған түрі болды: онда топтасқан тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің құрылуы жедел жүрді. Тайпалар бірнеше рулық қауымдастықтан құралды, олар қандық-туысқандық байланыстар мен айналысатын шаруашылық түрінің сипатына байланысты бірікті.

      Неолит дәуірінде адамзат алғаш рет «керамиканы» жасанды материалдардан дайындауды үйренді. Жоғарыда атап кеткеніміздей, «неолиттік төңкеріс» шаруашылықтың өндіруші формасының пайда болуымен сипатталады. Солтүстік Қазақстанда жүргізілген

Скачать книгу


<p>10</p>

Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 248-б.

<p>11</p>

Қадырбаев М.К., Құрманқұлов Ж.К. Культура древних скотоводов и металлургов Сары Арки. – Ал- маты, 1992. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): В 5-х т. – Алматы, 1996. – Т. 1.