Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов страница 4

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

саны жыл санап артып келеді.

      Ал енді Қазақстанға байланысты айтылғандарды нақтылай түсер болсақ, зерттеуші А.Г. Медоев қазақ жеріне алғашқы адам осыдан 2 млн жылдай бұрын қоныстанып, олар алғаш Маңғыстау мен Қаратау таулы жоталарын мекен етті деген ойда2. Ал археолог Х. Алпысбаев Қазақстанға алғашқы адам екі бірдей аймақтан, яғни Оңтүстік Азиядан, әрі Оңтүстік Шығыс Африкадан қоныс аударған деген пікірде3. Зерттеушілердің біразы қазақ жеріне қоныстанған адамдар батыс Еуропадан бұрын келген, тіршілік ете бастаған дегенді айтады. Соңғы жылдары ғалымдар Қазақстанды алғашқы адамдар 1 млн жыл бұрын қоныстанды және ежелгі қазақ жері қоныс аударушылардың көшу жолы деген пікірге тоқталып отыр4.

      Ата-бабаларымыздың өмір сүрген жағдайы туралы бүгінгі таңдағы нақты түсінігіміз адамдардың еңбегімен тұрғызылған тұрақтар мен үңгірлерді, тас құралдарды, олардың тамақтану қалдықтарын, және сол кезеңдегі жануарлардың сүйектерін зерттеу негізінде қалыптасады. Яғни артта қалған, «мешеу халық» деп аталатындардың өмірінен мәлімет беретін осындай этнографиялық деректер бүгінде ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір тұстарын нақты түсінуге көмектеседі. Алайда алғашқы қоғам туралы негізгі ақпаратты – тастан жасалған еңбек құралдары беретінін де ескеруіміз керек. Өйткені адамзаттың пайда болуы және адам ретінде қалыптаса бастаулары тас дәуірі деп аталатын дәуірде жүзеге асқан болатын.

      Оның біз жоғарыда атап көрсеткен олдувай кезеңіндегі алғашқы адамдар туралы тарихи-археологиялық мәліметтер мардымсыз. Алғашқы тас құралдар өте дөрекі және нашар өңделген болатын. Оларды біртіндеп жетілдіру жаңа тас құралдарының пайда болуына алып келді. Қазақстан аумағында бұл тарихи кезеңдегі алғашқы адам туралы деректер тіптен аз. Алғашқы адамдар жабайы өсетін астық дәндерді, жеміс-жидектерді теріп, яғни терімшілікпен айналысып, аң аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі әрі ұзақ даму жолынан өтті. Ол бастапқыда алғашқы тобыр – бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау мен терімшілік үшін бірігу түрінде болды. Бұл әлеуметтік құрылым тұрпайы да анайылығымен, қоғамдық қарым-қатынастардың тым қарапайымдылығымен және жетілмегендігімен ерекшеленді. Сонымен қатар, оған кейбір некелік байланыстардың тұрақсыздығы да тән болды.

      Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің ерте кезеңдерінің бірі – ашельге сәйкес келеді. «Алғашқы адамзат тобыры», немесе «ежелгі қауым» адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығуының нәтижесінде пайда болған. Ежелгі қауым тұрақсыз құрылым болды және біртіндеп әлдеқайда берік қоғамдық ұйым құрылымына жол берді, себебі тұрақты иерархиялық бірлестіктер тобырға қарағанда өмір сүру үшін табысты күресе алды. Бұл аналық рулық қауымның қалыптасуына ұласты. Әлеуметтік байланыстарды нығайтудың шынайы жолы стихиялы түрде пайда болған туыстық байланыстар болды. Қоғамның рулық

Скачать книгу


<p>2</p>

Медоев А.Г. Поиски и раскопки в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1972.

<p>3</p>

Алпысбаев Х.А. Палеоэкология древнего человека. – М.: Наука, 1977. – 202-208 с.

<p>4</p>

Таймағамбетов Ж.Қ., Байкунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 215-б.