Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 38

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

қатарынан 800 адамды жазалаушы отрядқа қарсы аттандырып, олардың тас-талқанын шығарады.

      1854-1858 жылдары патша әкімшілігінің қатаң жазалау шаралары мен енгізілген салықтарына наразы болған Арал бойы қазақтары көтеріліске шықты. Бұл кезде салық түйе жинау арқылы ұйымдастырылды. Мысалы, В.А. Перовский (1853 жыл) жорығына 8 мың түйе қажет етілді. Қазақтар наразылық танытып, Ембі өзеніне қарай қоныс аударды. Бүлікшілер бірнеше шарт қойды: түтін басына салық төлеуді, қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберіп отыруды тоқтату, жайылымдарды қолдануға еркіндік беру және Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, Орал өзендері бойында көшіп жүруге мүмкіндік беру. В.А. Перовский бүлік ұйымдастырушыларға қарсы барон Врангельді көп әскерімен аттандырады. Есетке баронмен келісімге келу мүмкіндігі туады, алайда ол соғыс қимылдарын қайта жандандырып, әскери бекіністер мен казак отрядтарына шабуылдайды. Арслан Жантөрин сұлтанның жазалау отрядын Есет батыр әскерімен талқандайды. Сұлтанның өзі қаза болды.

      Бүлікті басуда бейбіт халық жапа шекті. Көптеген көтерілісшілер оққа ұшырады. Көбі каторгаға жіберілді. Мысалы, батыр Бекет Серкебайұлы. 1858 жылға қарай көтеріліс басылды. Есетке қарсы ірі экспедициялар ұйымдастырылды (А. Жантөрин, Кузьминский, Дерышев, Михайлов). 1858 жылы Есет кейін шегінуге мәжбүр болды. Есет батырға қарсы күш көрсетудің тиімсіз екенін түсінген генерал-губернатор Катенин Есет батырмен келісімге келуді ұсынып, көтеріліске қатысушылардың талаптарын орындауға келісім береді. Есет батыр мен патша үкіметі бейбіт келісімге келеді. 1873 жылы Есет батыр орыс әскері құрамында хиуалық ханға қарсы жорыққа қатысады.

      1853 жылдың мамыр айында орыс әскері Ақмешіт пен Сырдарияға жорық ұйымдастырып, қазақтардан түйе жануарын кәмпескелеуді бастады. Отарлаушылардың бұл шарасына қарсы Есет Көтібарұлы бастаған шекті руынан тараған қазақтар қозғалысқа шығады. 1854 жылы ақпанда қазақтарға қарсы барон Врангельдің жасағы аттанды, алайда еш нәтиже көрсетпеді.

      1855 жылдың мамырында қазақ даласына Қырым соғысында Ресейдің жеңілгендігі туралы хабар келіп, орыстарға қарсы қозғалыстар жандана түсті. Шілде айында Есет батырдың жасағы билеуші-сұлтан Жантөриннің әскерін талқандады, сұлтанның өзі қаза болды. Ал қазақ әскерлері шекара шебіне қарай шегінді. Отаршылдар қазақтарға қарсы көтерілісте тең дәрежеде күш қолдана алмағаннан кейін жеке старшындар мен сұлтандарды сатып алу арқылы қазақтардың арасына іріткі салып отырды. Сонымен бірге қазақ ауылдарын тонауға жекелеген жазалау отрядтарын ұйымдастырды. Олардың арасында ерекшеленгендер Михайлов, Кузьминский және Дерышев жасақтары болды. 1856 жылы жаз айында қазақ көшпенділеріне тағы да жазалау отрядтары шабуылдады. 1858 жылдың қыркүйегінде Сан шатқалында Есет әскері түпкілікті жеңіліске ұшырады, ал әскерінің қалғаны Жанқожа батырға қосылды.

      1858 жылы көтерілістің жалғасынан кейін Есет батыр патша билігімен бейбіт шартқа келіп, үлкен шекті руының басшысына айналып, Ырғыз уезі басқармасының көмекшісі қызметіне тағайындалады. 1873 жылы Орынбор отряды құрамында Хиуа

Скачать книгу