Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс страница 13
яғни түркiше осындай махаббат пен ынтықтық не?
Жырда түркiлердiн өз тілінде сөйлегені жайлы:
Ке ру пиш Хумон бе торки забон.
Хуманға қарап түркі тілінде сөйледі.
Зе аржасп солоре гардоне чин.
Саборе джахондиде гарде замин.
Невешт андарон номей хосроуй.
Неку офарини хатте ябгуй.
Қытай әскербасшысы Аржасп
Шахқа яғбу жазуымен хат жазды.
Соғыс өнерін зерттеушiсi М. Иванин түркiлердiң дәстүрлі әскери өнеріне күдiкпен қарап: «Моңғол-татарлар терең әскери тәртiптi сақтай отырып, өздерінің басты міндеттерін өзара белгілесті. Атты әскер алаңда соғыса бiлдi. Қорғандарды қоршап, шабуыл жасау сияқты ерекше ұрыс тәсiлдерiн шеберлiкпен меңгерді. Осыдан келiп мынадай заңды сұрақ туады. Осы жартылай жабайы, малшы татарлар осындай әскери тәсiлдердi қайдан үйренді», – деп сұрақ тастайды да, оған өзi татарлар даласына Рим империясынан қуылған несториан топтары моңғолдар арасына келуiмен немесе көрші Қытай елімен байланыспен түсiндiре жауап береді.
Дегенмен «Шахнаменi» талдау түркiлердiң әскери өнерінің тамырының тым тереңге кететінін көрсетеді. Афрасиаб өз әскеріне:
Хаме бо дарафш ва табире шабим.
Барлығымыз кернейлетіп, барабандатайық, –
дейді.
Одан берiде барабан соғудың түркілік соғыс өнерінің ажырағысыз бөлігі болғандығын Марко Полодан табамыз: татарлар өздерінің жетекшiлерiнің накарлары (барабандары) соғылмай тұра соғысты бастамайды: ол соғылғаннан соң ғана ұрыс басталады. Татарларда мынадай әдет те бар: олар дайындалып, соғысты күтiп тұрғанда накар соғылмас бұрын олар ән салып, екі шектi аспапта ойнайды: ән салып, би билейді, ұрысты күтiп тұрып, олардың ән салып, ойнағаны қызық.
Тұрандықтар өздерi жасаған қару-жарақпен бірге көрші елдерде жасалған қару түрлерiн де кеңінен пайдаланды. Түркілер әскepi темір сауытты болғанға ұқсайды. Мысалы, Рүстем өз ұлына ақыл айтып, түркiлердi суреттегенде:
Зал, ей, Песере Гушдор! …
… Ке он торк дар джанг аждохост.
Дар оханг ва дар кине абр болост.
Дерафшан сиох аст ва хофтане сиох
Зе оханг со'ад зе оханг колох
Зал, ей, ақылды балам! …
Ол түрік соғыста айдаһар,
Ол темірге оранған, қайсар, өшпенділігі жоғары,
Темір шоқпар (қамшы)
Темір архалук (кіреуке),
темір дулығалы, –
деп айтады.
Жырдың тағы бiр жерiнде:
Зе торкон ва аз даште найзаварон
Зе хар су биомад сепохи герон.
Түркiлер мен найзалылар даласынан.
Әр жақтан ауыр салмақты әскер шықты.
Немесе
Герон лашкари сохт Афрасиаб.
Афрасиаб ауыр салмақты әскер ұйымдастырды.
Археологиялық мәліметтер сақ-массагет тайпаларының металл өңдеуді шебер меңгеріп, оны тұрмыста кең қолданғанын көрсетеді. Олардың еңбек құралдары, қару-жарақтары, ыдыстары да металдан жасалды. Түркiлер дүниетанымында