Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 19
– Сен Ғаббас Жұматовты танисың ба? – деп сұрады.
– Танығанда қандай, бір кафедрада қызметтеспіз әрі ол кісі менің студент кезімдегі ұстазым, – дедім сәл мақтанып.
– Өте мәдениетті, білікті, кішіпейіл жігіт. Маған жерлес. Әкесі де ғалым еді, қазақ тілінің диалектісін зерттеп, диссертация қорғады, Ғылым академиясында істеді, – деп Жұматовтар туралы Дихан аға мен білмейтін біраз мәлімет айтқаны есімде. Ағаларының қандай салада нендей айтулы іс тындырғанын, қарындасы мен інісінің бірі инженер, бірі дипломат болғанын да сол Дихан ағамыздан естідім. Егер, деп ойладым, әкесінен бастап, аға-інілеріне дейін қадірлі тұлғалар болса, Ғабекеңнің де қадірлі болмауға хақы жоқ екен-ау, үрім бұтағы да сол қадірлілер салған «қасқа» жолмен келе жатқан шығар?
Айтсам, айтқандай екен. Гүлнәр деген қызы медицина саласының ғылым докторы, оған жалғас Жайнар деген ұлы мен Майра деген қызы медицина ғылымдарының кандидаттары. Сірә, аналарының ықпалынан болса керек. Шешелері Раиса Мақашева тірі кезінде медицинаға көп үлес қосқан ірі маман болатын. Медицина ғылымының докторы деген дәрежеге, профессор деген ғылыми атаққа ие болды. Өмірден ерте озды. Жерлеу кезінде Ғабекеңнің көзінен моншақтар домалағанын байқап қалдым. Иманы жолдасы болсын жеңгеміздің! Қолынан дәм татып едім, әлі ұмытқаным жоқ. Ғаббас аға Жұматов бүгіндері күмбезі көкке шаншылған, аспанмен астасқан заңғар орда – әл-Фараби бабамыздың атымен аталған Қазақ ұлттық университетінің кіндік ғимаратының 13-ші қабатына жеткізетін лифтіге қарай ширақ бара жатады. Сонда Ардагерлер кеңесі орналасқан. Ағамыз сол ұйымның төрағасы.
Алла ғұмыр берсін, ардагер аға!
ӨШПЕЙТІН ОТ