Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 21

Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов

Скачать книгу

семьяның өмірі басқа да осындай бақытты отаулардай туған республикамызбен бірге гүлдеп, дамып келеді.

      Бүгінгі сөз Жұмат ұрпағы хақында.

      1. Іңір

      Қолы дірілдеп, басы айналды. Көз алды күліңгірленіп, алдында жатқан газет бұлдырап кетті. Жасаураған жанарын бет орамалмен сүртті де, әнтек күрсініп, жауырынын жастыққа тіреді. Қолындағы қалыңдығы қарс келетін нән кітап топ етіп жерге түсті. Ол жерге түскен кітапты әзер иіліп барып көтеріп алды да, мұқабасын бипаздай сипап, манағы орнына қойды. Сосын жастыққа сұлық түсті. Демалысы жиілеп кетті. Дірілдеген қолымен стол үстінде тұрған шыны құтыны алып, тығынын әзер ашты да, сұйық дәріні шіміркене жұтып жіберді.

      «Кәріліктен қашып құтылған жан бар ма екен жалғанда?! Әһ!.. Шаршайды екенсің. Соның өзі рақат. Әл-дәрмен құрып отырғанда тындырған ісің ойға оралар болса, тынысың кеңіп сала береді. Иә, солай…».

      Ол кеудесін көтеріп, тіктеп отырды. Сосын үстел үстінде жатқан ірілі-уақ он шақты кітапты ептеп алып, алдына жайып қойды да, әрқайсысының мұқабасын манағы бөз орамалмен би- паздап сүртті. Сүрткен сайын олар жаңара түскендей. Қарттың әжімді, бозаң жүзіне шыр жүгірді. Жанары жәудіреп, кітаптарға қызыға, қызғана қарады. Кеудесін қуаныш кернеді. Миығына күлкі ұялады. Жалғыздан-жалғыз қарқылдап күлгісі келді.

      Есіне әлдене қалт түсе қалғандай, әбжіл қимылмен қаламын алды. Алды да, асығып аптығып жаза бастады. Мына отыры- сында селт еткізудің өзі күш. Жүзі нарт. Жазып отыр. Арагідік күбірлеп сөйлеп кетеді.

      «Бітіру керек. Бітіруге міндеттісің. Отан алдындағы борышыңды ақтауың керек. Сені осы халге жеткізген Ұлы Ок- тябрь. Сен оның бел баласысың. Сен туған Қазақстаныңмен бірге жасасып, бірге өсіп келесің Ол қалай гүлденсе сенің ұрпағың да дәл солай гүлденеді. Әубәкірің, Хамза, Ғаббас, Әмина, Сапарларың, немерелерің мен шөберелерің. Солай…».

      Ол шамырқанып кетті. Жігеріне үстеме жігер қосылғандай.

      2. Сәрі

      Сен де бір кірпіш дүниеге,

      Кетігін тап та бар қалан!

      Ол үнсіз тыңдады. Мақұл деп бас изеген жоқ, болмайды деп бас шайқаған жоқ. Екі көзін жерден алмай, қаққан қазықтай қаздиып тұрды. Сұлтанмахмұт сөйлей берді.

      Бұрын-соңды топ жарып, аты шыққан жанмен пікірлес болып көрмеген Жұмат Сұлтанмахмұт сөзін бас иземесе де қағидадай қабылдады. Ақын сөйлеп жатты. Ал ол болса оның «Қараңғы қазақ көгіне» атты өлеңін іштей қайталаумен болды.

      Қараңғы қазақ көгіне,

      Өрмелеп шығып күн болам.

      Қараңғылықтың кегіне,

      Күн болмағанда кім болам?

      Ол соңғы сөзді үзіп-үзіп қайталай берді. Мұны жазған Сұлтанмахмұт емес, өзі секілді; өзінің анттық жыры секілденіп кетті бұл өлең.

      Сұлтанмахмұт сөйлеп жатты. Бірақ оның сөзі емес, Жұматтың жасыңқы жігерін жандырған осы өлеңі-тін. Ақын сөзіне ой салмаған сынды. Есінде қалғаны: «Оқымай болмайды, Жұмат. Әліпті таяқ деп білдім, сол жетеді деп көпию саған жат. Павлодарда үш айлық мұғалімдер курсы ашылғалы жатыр,

Скачать книгу