Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 25
Ол он бес-ақ жаста болатын. Шалғайдағы Баяннан оқу іздеп Алматыға келдім. Бес класс бітіріп оқуға түсемін деп астанаға тартқан. Ешкімді тыңдаған жоқ. Келді де, Алматының байланыс техникумына оқуға түсті. 1937 жылы бітіріп шықты. Көп қатарлы еңбекке араласты. Сосын араға жыл салып институт табалдырығынан аттады. Артынша әскерлік борышын атқаруға шақырылды.
– Папа, – оның ойын кенжесінің үні бөліп кетті. Жалт қарағанша болған жоқ, аспан күркіреп, найзағай ойнады. Баласы «ой!» деп қалды. Жаңағы ғаламат үн оны да селт еткізген. Өне-бойы сең соққандай дірілдеп кетті. Күн күркірі 1941 жылдың 22 маусымындағы сарынға ұқсап еді… Ол көзін шарт жұма қойды. Сонау сұрапыл кез көз алдынан тізбектеліп өте бастады.
…Ол шошып оянды. Асығыс киініп, сыртқа жүгірді. Айнала қып-қызыл өрт, астаң-кестең. Бомба борап тұр. Жоғары қарасаң, дәл төбеңе келіп жарылатындай. Ғаббас байланыс бөліміне жүгіріп жетті де, «6-КП» рациясына жармасты. Бірақ еш дыбыс сезілмеді. «Бұл не?» деп, айқай салды. Жүгіріп Шәйкен келді. Алаулаған жүзінде «Не істейміз, командир» дегендей сұраулы пішін бар.
Ғаббас тез шешімге келді.
– Сүлейменов, кеттік! Екеуі орманға қарай жылжыды. Қара орманға қозы көш жер қалғанда соңдарынан өріп келе жатқан жау танкілерін көрді. Соңында қаптаған автоматшылар. Бұларды байқамаған секілді. Олар сол араға бекініс жасап, танкілердің келуін күтті. Шәйкен «атайық, жолдас командир» деп тақ-тақ етеді. «Жақындай түссін». Ғаббас кіжіне сыбырлайды. Тақап келеді, тақап келеді. Көлденең жолға жетті. Екі ара тас лақтырым жер. Атып жіберді. Алдыңғы танк лап етті. Екінші рет атты. Тағы біреуі жана бастады. Үлгермей қалды. Үшінші танк қол созымға келіп қалды. Арындап келеді. Зеңбіректі оқтап үлгергенше, тастап кететін секілді. Шәйкен тажалға қарай еңбектеп барады. «Кейін қайт!» Ғаббас дауысын ол естіген жоқ. Ұмсынып келе жатқан танкіге гранатыны лақтырып жіберді. Бораған оқ өзін де жұлып түсті. Одан арғысын Ғаббас көрген жоқ.
Қанша жатқанын білмейді. Топырақты аршып, басын көтергенде алғаш көргені сонадайда тұрған көшпелі мастерской. Алғаш қуанып қалды. Орнынан тұра сала солай қарай жүргісі келді. Бірақ аяғын ауырсынып, орнынан тұра алмады. Талықсып кетті. Біраз уақыт өткен соң тағы басын көтерді. Көтерді де, жүрегі дүрсілдеп кетті. Жаңағы мастерской немістердікі екен.
Қас қарайғанша тапжылмай жатты. Ымырт үйіріле шұңқырдан шығып, қалың жынысқа қарай жылжыды. Қолынан әл кеткен. Өне-бойы дел-сал. Бір аяғына снаряд жарықшағы тиген екен, жейдесімен таңып алды. Мимырт қозғалыспен алға жылжи берді. Таңдайы – тандыр. Шөл қысып барады. Жанкештілене жер бауырлап келеді. «Жетемін, тауып аламын өз адамдарымды», – дейді ол тістеніп. Жылжып келеді. Кенет жақын маңнан тотықұс сайрағандай болды. «Бұл біздің жігіттер! Біздің!.. Мен мұндамын!». Оның әлсіреген дауысы алысқа жеткен жоқ. Екінші қайтара айқайламақ болып еді,