Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 20
Біз дала госпиталінде істеп, жараланған жауынгерлерге жедел көмек көрсеттік. Майданның алғы шебі болмағанмен мұнда да оқ атқылап, аспаннан самолеттер бомба жаудырып жатады. Алғаш бомбаның жарылғанын көргенде төсектің астына тығылғанымызға кейін өзіміз де ұялып едік. Бірте-бірте майдан өміріне де үйреніп алдық. Тәжірибелі дәрігерлердің көмегімен, кейде өзіміз де операция жасайтын болдық».
Ерлі-зайыпты екеуі өткенді еске түсіріп, әңгімелесіп келе- жатып, үйлеріне жеткенін де байқамай қалды. Рәпияның көзі пошта жәшігіндегі көгілдір конвертке түсті. Ол Горький қаласынан келіпті.
– Лидия Васильевнадан екен ғой. Бір асыл адам. Әскери госпитальдарда төрт жыл бірге істедік. Бөлім меңгерушісі еді. Дәрігерлік практикаға ширатты, анамыздай аялады бізді. Қазір пенсияда, үзбей хат-хабар алысып тұрамыз. Менің өмірімде, семьямда болған кішкентай жаңалықтың өзіне қуанып қалады. – Рәпия көркем открыткаға маржандай, сұлу жазылған ыстық лебізді сөздерді оқи бастады.
Мұндай құттықтауларды Рәпия майдандас басқа достарынан да көп алады. Гүлімжан Қарсыбековамен тіпті жиі кездеседі. Ол Қарағандыдағы медицина институтының тері аурулары кафедрасының доценті. Өткен жылы Львов қаласында болған бүкілодақтық конференцияға екеуі бірге барды. Достардың айтысар сыры да көп.
Рәпия майданнан қырық алтыншы жылы оралды. Туып-өскен жерін, туыстарын, анасын сағынып, асығып келеді.
Алатаудың әр қырқасы, әр шыршасы көзіне оттай басылады, олар тіпті бұрынғыдан да сұлуланып, көркейіп кеткен тәрізді. Оның үстіне, бұл шақ Алматының қыс көрпесін сілкіп тастап, көк желек жамыла бастаған кезі еді. Құмартқан қыз көңілін бұл көрініс одан сайын шарықтатты. Кір жуып, кіндік кескен қаласына деген сағыныш сезімін арттыра түсті.
Отан аспанын қара бұлт торлағанда, ерлермен бірге елін қорғауға аттанған қыз ұлы жеңіске өз үлесін қосқанына көңілі өсіп келгенде, үйінде де қуанышқа кенелді: әкесі де, ағасы да майданнан келіпті. Енді қызын аман-сау көкірегіне басқан Құрал ананың шаттығында шек болған жоқ…
Әскери госпитальда істеген төрт жылғы дәрігерлік жұмыс Рәпияны шынықтырды, өмірді қадірлеуге, уақыты қатаң үнемдеуге үйретті, адам өмірінің арашашысы болуды әуелде-ақ таңдаған мамандығының күш-құдіретін, мән-маңызын бұрынғыдан да терең сезіндірді, оның құпия сырларын зерттеп, ашып, елінің игілігіне айналдыруға қызды ілгері ұмтылдырды.
Рәпия сол жылы-ақ өзі үздік бітірген Алматы медицина университетінің тері аурулары кафедрасына аспирантураға түсіп, кейін «Теміреткі ауруларының микробтарына дәрі-дәрмектің әсері» деген