Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 4

Жоғарыда атап өткеніміздей, Вед ілімдерімен қатар самхиттің басқа жинақтарында да Жаратушы мен әлем жаратылысы тұрғысындағы құпия сырлар сипатталып, ақиқатқа, білімге жетелейтін нұсқаулар кеңінен талдауға арналған. Олар: брахмандар, араньяктар, упанишадтар болып табылады.
Брахман (санскр.
• манвантара
• кальпа
• юг
• пралая
• Махапралая
Пайда болған әлем “Брахманың Жұмыртқасы” деп аталады. Ведалық философия Брахманның (яғни Абсолют құдайының) коцепциясын әр адамның өзіндік қабылдауымен тығыз байланысты. Сонымен қатар Упанишадтарда Атман мен Брахманды бірдей, яғни бір деп біледі.
Брахман әдебиетінде брахман ұстаздардың өзіндік құлшылықтары баян етілген. Діни-фәлсафалық шығармаларда монистік концепциялардың көрінісі табылса, Упанишадта индуизм философиясының мистикалық концепциясы берілген. Упанишад – ұстаздың қасында отырып, қасиетті ілімді меңгеру деген тұжырым ашып түсіндірер болсақ, упанишад
Б.д.д. VІII-VІ ғғ. б.д. IV ғ. упанишад кезеңі болып саналады. Олар брахманизм жүйесіне негізгі бөлім болып кіреді және діни-философиялық ойлардың дамуындағы ведадан кейінгі кезең болады. Упанишадтар Веданың қорытынды бөлімін құрайды. Упанишадтың негізгі түсінігі – Брахман және Атман. Олар да пуруш, карма, сансар туралы түсінікті өрбітті. Мұнда ілім алу екі жолмен көрсетіледі: құдай және ата-баба жолы. Упанишадта ілімнің үш қасиеті: пракрит, пран және олардың түрлілігі жайында элементтер айтылады.
Упанишадта әлемнің мәнін терең ұғынуға деген ұмтылыс, діни, догматтық түсініктерге сүйене отырып өрілген ақыл-ой басым болды. Болмыстың субстанциялық негізін рационалды