Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 2

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

сонша қызық болса, ол қандай тақырып екен? Және біздің авторды қандай құдыретімен тартты екен? Меніңше, ол Қазақстанның ерекшелігі, өзгеше табиғи болмысы, ғасырдан ғасырға мұра боп келе жатқан қазақы мінезімен қазақы жолы туралы тақырып. Ау, мұндай жұмыстар бізде жүздеп, мыңдап жазылып жатқан жоқ па? – дейсіз ғой сіз. Иә, біздің ғалымдарымыздың тек осымен айналысып жатқаны рас, бірақ олар әр жазған сайын тақырыптан алыстайтын сияқты. Өйткені, Қазақстан тарихын ту Көне Мысыр, Шумер тарихынан бастайды. Олардың ойынша, тарихымызды неғұрлұм ескіртсек, адамзаттың ежелгі тарихтан бұрынғы кезеңіне жақындатсақ, онда қазақтың бәрінен ұлы болғаны, биік болғаны деп түсінеді. Сөйтіп, біз өзімізге жақындаудың орнына тек алыстай беретінбіз. Ал қазір нақты тарихта өзіміздің қандай болғанымызды тіпті мүлде ұмытып кеткендейміз. Міне, Нұровтың өзгешелігі, ол бізді өзіміздің нақты тарихымызға жолды ашып, тек «қазақ» сөзі пайда болған кезеңдерден бастайды. Соның өзіндеде біздің тарихымыз IX-шы ғасырдан басталып, XIII–XIV-ші ғасырларға дейін, Шыңғысхан империясы дәуірлеп тұрғанда, өзінің шырқау шегіне жетеді екен. Міне, бұл араға біз көбірек тоқталауымыз керек. Біз бұл арада автордың басты ойына жақындадық. Өйткені, Нұровтың ойынша, қазақтар қазақылық рәсімінен шыққан және кейін «қазақ» атауын өз этнониміне шейін көтерген. Қазақтар қайталанбас болмысы бар дегдар халық және оның дегдар болатыны, ол өз бастауында Шыңғысханның «қазақы» империясынан шыққан. Сондықтан, қазақтар – Алтын Орданың тікелей мұрагерлері.

      Ал қазақылық дегеніміз не? Ол өз ру-тайпаларынан айдалаға безіп, бірнеше кездейсоқ жолдаспен далалық кезбе рыцарь өмірін кешу. Міне, XIII-ші ғасырда Шыңғысхан осындай мыңдаған батырларды қосып, алдымен әскер, кейін империя жасайды. Шыңғысханның бүкіл әлемдік және ұлттық мәнін Нұров оның дала тайпаларын рулық санадан бас тартқызып, империялық «бүкіл адамзаттық» санаға көшіруінен көреді. Және қазіргі қазақ тайпаларының көбісін автор Монголиядан Шыңғысханға еріп келген тайпалар деп санайды. Сондықтан Шыңғысхан түркі тайпаларының басқыншысы емес, ол оларды Хорезмшахтың ортаазиялық исламшыл билігінен азаттаушы, қазақ мемлекетшілігінің негізін қалаушы таудай тұлға. Нұров Шыңғысханның шығу тегі жағынан монгол екеніне еш шүбә келтірмейді, бірақ, оның ойынша, Шыңғысхан далалық империясының өмір дағдысын, жаугершілік даңқын тек қазақтар мұралаған деп есептейді. Қазіргі монголдар «халха» атауымен қалып, қытайланып, ламаизм аясынан шыға алмай қойған. Демек, Шыңғысхан мұрасына иелік ете алмай қалған. Ал қазақтар болса Шыңғысханнан келе жатқан дәстүрді әлі күнге дейін ұстанады.

      Сонымен, Нұров бойынша Қазақстан мемлекет ретінде Урус хан кезінде пайда болған, сосын біраз уақыт Абулхаир империясының құрамында болып, ақыры XV-ші ғасырда Қазақ хандығына бөлініп шықты. Сөйтіп, автор қазақтарды біраз аңыздық «сақалынан» босатып, олардың мүлде берідегі тарихи болмысын ашып береді. Бұл тұрғыда Нұров марксистік «формациялық» теориясынан бас тартып, қазақстандық ғалым С.В. Грисюктың теориясына сүйініп, адамзат қоғамының дамуын төрт кезеңге бөледі: дәстүрлі,

Скачать книгу