.
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу - страница 5
Әрине, егер сондай мақсат қойсақ, әлдеде кейбір кемшіліктер мен сәйкессіздіктер табуға болар еді, бірақ олар кітаптан жалпы әсерді бұза алмайды. Өйткені, бұл кітап даталар мен есімдер жөнінде емес. Автор ең алдымен оқырманды тарих жөнінде өз бетінше ойлануға шақырады. Автор көтерген тақырыптар жөнінде ойлануды және солардан аттап, жаңа аумақтарға шығуға жетелейді. Өйткені, біздің өткен шағымызда қазіргінің өзекті мәселелеріне жауаптар жатыр. Және Қанат Нұровтың кітабы осыны түсінуге тамаша көмектеседі.
«Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының екінші басылымына автордың кіріспесі
Қ.И. Нұров
«Казак ордасы ешкімге бағынбайтын, көпхалықты және әскери»
(И.К. Кириллов, Орынбор экспедициясының бастығы, 1734)
Бұл кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымы шыққан бойы бірден тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиевтің, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Нуртазинамен бірлесіп жазған «Қолайлы әмбебаптық – бұл кімнің философиясы?» деген жанжалды мақаласы шықты. Оны мен қазір осы басылымның соңында келтіріп отырмын. Соған байланысты, менің тақырыбымның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Абылхожин менің диссетациямның қорғауын «келешек жақсы заманға» дейін ысырып қойды. Ол «пысықай» жылдары диссертацияларды кез келген тақырыпта және кез келген бағаға қорғай беретін, бірақ осы мақаланың ұрдажықтау қарқыны мені бір күмәнді тұлға ғып көрсетіп, қорғауыма зор бөгет болды. Менің этнография мамандығынан қорғауыма көмектесуге тырысқан тарих ғылымдарының докторы А.Т. Төлеубаевтың «Мынау жұмысты енді еш жерге жібермейді», – дегені рас боп шықты. Өздерінің бүгінгі позицияларын көрсеткен Абылхожин мен Төлеубаевтың пікірлері де осы кітаптың соңында келтірілген. Осыған байланысты Б.М. Ысқаковқа жақында АҚШ Калифорния штатындағы Йорк университетінде диссертациямды сәтті қорғауыма көмектескені үшін терең ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, осы кітаптың екінші басылымының ұйымдастырушылары А. Құрмановаға, Р. Тленшиеваға және, әсіресе, мені осы кіріспені жазуыма қажетті арнайы әдебиетпен қамтамасыз еткен Тимур Сакеновке алғыс айтқым келеді.
Кеңестiк кезеңнен кейінгі уақытта қазақстандық тарих философиясы қазақтардың арғы аталары ретіндегі қыпшақтар Русь сияқты монгол-татар шапқыншылығының құрбаны болды деген баяғыда тозығы жеткен позицияны ұстанумен болды. Сондықтан менің Шыңғысхан монголдан шыққан казак ретінде қазақ мемлекеттілігінің атасы деген пікірім бәріне де сандырақ көрінді. Ал қазір, бар болғаны он бес жыл өтсе де, Шыңғысхан қазақ деген пікір бесенеден белгілі ақиқат сияқты. Бұл, әрине, ақиқаттан алыс нәрсе, ол, керісінше, Қазақстан тарихын қияли жорамалдар