Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 9
Монголияның татар, найман, керей, жалайыр, қырғыз төл түркі тілді болған турлигиндердің арасында түркімонгол тілдес нирундар болған (баарин, дуклат, ойрат, маңғұт, барлас, чонос – немесе жаныс (?), тағы сол сияқтылар). Нирундардың арасында ішінде әскери көсемдерден тұратын қият руы бар тайджиуттер тайпасы көзге түсетін. Яғни тайджуиттер қият руының ұлысы болған. Ал қияттар тағы джуркиндерге, чаншуиттерге және бірінші монгол ханы Кабул басқарған-мыс ясарға бөлінген. Осыған қарағанда көккөзді борджигиндер (бөрі тегін) Шыңғысханның казактары тайджиуттерді өздеріне бағындырғаннан кейін көтерілген, содан кейін ғана олар Алтын ру, билеуші ру атанған.
Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.
Қазақ шежірелерінің біресе былай, біресе былай келетіні осыдан. Шыңғысхан империясының бұрынғы рулық және тайпалық атаулардың орнына көбінесе бұрынғы рулық атаулармен, немесе мыңбасының атымен аталатын мыңдықтардың атаулары пайда болады. Хорчи ата, немесе Усун Эбуген, яғни бақсылардың атасы (Бэхи Ноян) ежелгі монгол тайпаларының ең үлкен баарин руынан болатын және, мүмкін, Уйшун одағын басқарды. Қадан тайши, немесе Арғын ата, ойраттан шыққан және, мүмкін, Арғын одағын басқарды. Эдыге би маңғұттан шыққан беклер бек ретінде ноғайларды жарыққа шығарды және, мүмкін, оның тұқымдары Алшин одағын басқарды. Ал йемек, қимақ, телеуіт, қыпшақ, қырғыз, қарлық, қаңлы сияқты жергілікті тайпалар, арасында таулықтар және жартылай отырықшылар бар, ежелгі монгол одағына бағынған және бұрыннан қазақлық өмір дағдысында болған, немесе осы дағдыны кейін қабылдаған.
Сол XIII ғ. Шыңғысханның өсиетімен Еділдің сыртындағы батыстық жорыққа Жошының екінші баласы Бату және Жошының өзге балалары да жіберіледі. Солардың қатарында – ең үлкен ұлы Орду. Орду Жошы ұлысының Еділдің сол жағындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын жерлеріне иелік етті. Осы жорықтан кейін Жошы ұлысы Еділден Еуропаға дейін кеңіді және Бату өзінің ордасын Еділдің бойындағы Сарайға (Ақ Орда) орналастырды. Сол Ақ Орданы, Жошы ұлысының астанасын орыстар