Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 13
Тағы бір түсініксіз нәрсе, Юдин «монголдан бұрынғы уақытта қайнаркөздерде казак сөзі әзірше тіркелмеген» (144 б.) деген тұжырымынан таймаса да, Порфирородный (Х ғ.) мен Фирдоусидің (ХI ғ.) «Қазақия» және «казак хандары» жөніндегі жалпыға белгілі мәліметтеріне еш комментарий бермейді. Мүмкін, оның осындай үзілді-кесілді пікірі тек түркі тілдегі қайнаркөздерді оқығаннан туындаған шығар.
Парсы және түркі қайнаркөздері жөніндегі мақаласында Юдин «тек қана Абулхаир ханның емес, одан бұрынғы Урус ханның бодандары да көшпелі өзбек болғанын» (с.45) және «Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясының аумағында хан болғандары (с. 47)» жөнінде анық айтады. Егер бұл хандардың шейбандар қайнаркөздеріне Абулхаирге бағыныштылар қатарында аталмайтынын ескерсек, Өзбек ханның көшпелі өзбектерінің өзбектерден гөрі қазаққа жақындығы жөнінде ғана емес, сонымен бірге, қазақ хандарының көшпелі өзбек мемлекетінде дербес болғанына көз жеткіземіз. Міне, осының бәрі Юдин сияқты беделді ғалымның аузымен казақ халқының әлгі хандардың Могулистанға көшуінен, ең кемінде, жүз жыл бұрын құрылғанын растайды. Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясынан бөлінуі көшпелі өзбектердің көшпелі казактарға (қазақтарға) айналуының ақыры еді.
Юдин қазақ пен Тянь-Шань қырғыздарының өзара байланысы жөнінде де біраз маңызды мәлімет қалдырған. Шағатай қайнаркөздерінде олардың саяси одағы жөнінде жазылған екен. Мысалы Зайн ад-Дина Васифидің «Бадаи ал-вакаи» шығармасы бойынша (52 б.) 1537 жылға дейін Киргизия алдымен Қазақстан аталған, ал қырғыздарда өз хандары болмаған және ХVIII ғ. ортасына дейін қазақтардың саяси ықпалы аумағында болған (53 б.). Осыған байланысты парсытілді дерекнамаларда қырғыз бен қазақты бірге атау әдетке айналған. Сондықтан осы этнонимдер… қырғыз бен қазақ грамматикалық одақ арқылы біріккен екі бөлек ұғым емес, біртұтас ұғым ретінде қабылданады (54 б.). Ал 1733 жылы жазылған «Ұлы жүздің сұлтандары мен билерінің императрица Аннаға жазған Ресей бодандағын қабылдау жөніндегі хаттарында» олар өз өздерін қырғыз-қазақ билеріміз деп атайды. Міне осыған байланысты «киргиз-кайсаки» деген орыс ұғымы дүниеге келеді (54 б.).
А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.
Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың