Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 14
Бұл мағынада бұрын Татар ұлы Ноғайдың атымен аталған маңғыттардың (кәдімгі атышулы ежелгі монголдың «мангуд» тайпасын айтып отырмыз) Еділден арғы Ноғай Ордасындағы басымдылығы қазіргі татарлардың қалыптасуындағы булгар, немесе қыпшақ ықпалдарынан кем болған жоқ. Ең кемінде, татар деген ежелгі монголдық Алтын Ордаға орыстар берген атауы Қырым, Қазан және өзге татарлардың атауына айналды. Сөйтіп, ежелгі монгол және қазіргі татарлар арасындағы атау байланыстығы кездейсоқ емес еді және мүмкін, бұл байланыс бір атаудан бұрын да болған сияқты. Сол сияқты қазақтардың ежелгі монголдармен байланысы атау арқылы болсын, ру-тайпалық құрамы арқылы болсын, одан сайын анықтала түскендей.
Сол 2001 жылы және сол айтылған баспада т.ғ.д. М.Х. Абусеитова, т.ғ.д. Н.Э. Масанов және т.ғ.д. А.М. Хазановтың редакциясымен «Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» деген студенттерге, аспиранттарға және ғалымдарға арналған елеусіз ғана оқулық шықты. Бұл оқулық автордың осында қарастырылып жатқан проблемаларға жоғарыда баяндалған әдістемелерін растауға қатысты Қазақстан историяграфиясындағы тыныш революцияның белгісіндей болды. Әрине, бұл оқулықты «ғылым майданының алғашқы шебіндегі» новаторлық болжамдармен салыстыра алмайсыз. Әйтсе де, онда жауапты редакторлардан өзге, Ж.Б. Абылхожин, С.Г. Кляшторный және Т.И. Султанов сияқты, үш көрнекті зерттеушілер болған. Бірақ оның құндылығы да сонда, өйткені ол әр сөзі мен тезисі ғылымның дәлелдене алатын және тұрақты қағидалары ретінде тексерілуге және сәйкестендірілуге тиіс ұжымдық білім беру құжаты болатын.
Ең бастысы, бұл оқулықта Қазақстанның территориясы мен этностарының тарихтары өте анық ажыратылатын. Міне, осының нәтижесінде, қазақ этногенезінде арийлар, турлар және дахтар сияқты андрон тұрғындарының тікелей ұрпақтары ретіндегі үндіеуропалық сақтармен (скифтермен) байланыс жоқ екені көрсетіледі (43 б.). Бірінші ғасырлардағы Жетісудың еуропоидтық, бірақ түркітілді болып кеткен үйсіндері жөнінде тек «олар сақ дәстүрлерінің тура жалғастырушылары болған» деп айтылған. Бұлай деп айтылуы, мүмкін, олар туралы тексерілген ақпараттың аз болғандығынан шығар және этникалық, нәсілдік және мәдени жағдайлардың нағыз өзгеруі шығыс халықтарының IV–VII ғғ. ғұндар бастаған Ұлы жер ауыстыру деп аталған шынында да дүбірлі оқиғаға байланысты (45 б.) деген тұжырымға тірелгендей.
Бұдан соң көшпелі түркі тілді халық ретіндегі қазақтардың ежелгі түркі-монгол тілдік қоғамдастықтағы монголоидты алтай тайпаларымен, кейінгі ғұндармен, ежелгі түркілермен және монгол-татарлармен, тіпті, көшпелі өзбектер, ноғайлар, қырғыздарға дейінгі этникалық байланыстарын дәлелдеп беруге жеткілікті тарихи дерекнамаларға сілтеме беріледі (48 б.). Сөйтіп, бұл қазақтың