Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 10

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

Бүлік басталғанда, Жошы ұлысын қайта құру мақсатында, Ақ Орданы басып алып, Көк Орда (Қазақстанның) тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Бату тұқымдары өлгеннен соң, Алтын Орданың бірлігін қайта жандандыру мүмкін емес еді. Ақ Орда және Көк Орда қазақ төрелеріне қалды. Осыған байланысты Қазақстан өзінің төл астанасы Сығнақтан айырылып қалды. Оны Тамерланның көмегімен Тоқа Темірдің тұқымы Тоқтамыс тартып алды. Және содан кейін Тоқтамыс Сарайды да басып алып, Урусты қуды, бірақ Ақсақ Темірмен жауласа бастады. Амал жоқ, Темір Алтын Орданың Еділ бойындағы бүкіл сауда қалаларын қиратып, Сығнақ тағын Урустың баласы Құйыршыққа алып беруге мәжбүр болды. Содан бері Жошы ұлысы Сарай астанасы бар Алтын Орда ретінде жойылады да, ал Ақ Орда мен Көк Орда саяси құқықтық мағынада араласып және кірігіп, қазақ хандарының төрелік династиясы ретіндегі урусидтердің иелігіне айналады.

      Кейін, XV ғ. басында шейбанид Абулхаир хан урусид Барак ханның өлімін ұйымдастырып, Қазақстандағы билікке қол жеткізеді және оны бұрын Алтын Орданың билігін тартып алған, өзін өтірік батуид деп сендірген Өзбек ханды есіне алып, Өзбек ұлысы деп атаған. Сол ғасырдың ортасында Абулхаирдың өлімінен кейін урусидтер Керей мен Жәнібек Қазақстандағы Урус ханның династиясын қайта таққа отырғызады. Бірақ өзбек урусидтер арасында тұтас хандыққа иелік ететін хан болмағасын, олар урус деп аталмай, «казак» деп аталды, ал Орта Азияға көшкен шейбанидтердің тұқымы өздеріне өзбек атауын қалдырған. Сөйтіп, қазақтар ақыры өздерін өздерінің әлеуметтік өмір дағдысымен атаған.

      Осы сәттен бастап ежелгі монгол суперэтносының казактары Қазақстанды мекен еткен, ал олардың жүздік пен мыңдықтары потестарлық-саяси негізінде тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі —олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.

      Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.

      Сөйтіп, XVI ғ. казактар

Скачать книгу