Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 12
2001 жылы И.Н. Тасмагамбетов басқаратын редколлегия жарқын қазақстандық зерттеуші Вениамин Петрович Юдиннің «XIV–XVIII ғғ. Орталық Азия шығыстанушының көзімен» жұмыстар жинағын шығарды.
Онда «казах (казак)» этнонимінің этимологиясы жөніндегі 1967 жылғы жұмысы алғаш рет жарыққа шықты. Осы тарихи-лингвистикалық еңбектің Қазақстан историографиясы үшін маңызын айтып тауысу мүмкін емес.
Бұл мақаласында Юдин ерінбей – жалықпай, «казак» этнонимінің этимологиясы жөнінде 22 гипотеза келтіреді және соның нәтижесінде мынандай нақты тұжырымға келеді: «Сөздің негізгі де, қосалқы мағынасы да, сонымен бірге, оның дыбыстық-морфологиялық құрылымы да, оның шығу тегі болатын ешбір негізге сілтемейді. Міне, осыған байланысты оның тіпті қай тілден шыққаны да белгісіз» (с. 147–156). Юдиннің ойынша, «казак» этнонимінің көне түркі тіліндегі «казгак» сөзімен байланысы бар. Бұл сөз Ұйық Тұран өзені бойындағы VIII ғ. руникалық ескерткішінен алынған, мағынасы «өндірілген», немесе Радловша, «асырап алынған». Осы мәселеге аса назар аудару қажет. Юдиннің қайнаркөздерді солардың төл тілінде оқитынын және осы гипотезаның «казак» этнонимінің («еркін» және т.с.) жалпылама мағынасына сәйкес екенін ескерсек, бұл гипотеза ғылыми зерттеулердің ең тиімді бағытын нұсқайды. Сөйтіп, Юдин Левшиннің «казак» ежелгі түркі сөзі мағынасының аударылмайтынын және «бөлінген, жеке ерікті адам» («жаугер», «жортуылшы») сияқты жалпылама ғана мағына бере алатынын растайды және осымен осы жөніндегі этимологиялық дауларды доғару керек екеніне мегзейді.
Юдиннің айтуынша, француз зерттеушісі Gabain А. былай деген екен: «түркі халықтары тарихында казактар тек қашқындар болған жоқ, олар белгілі бір құбылыс болған, казаклык пен казакламактың арнайы көрінісі (с. 140)». Бұл біздің қазақ этносы қазақлық (қазақламақ) дағдысынан шыққан дейтін концепциямызды растайтын нәрсе. Әрі қарай ол «хасаг терген» сөз тіркесі қазақы арба, қазақламаққа арналған арба, тіпті де қазақ арбасы емес және осы мағынасында ол монгол жазба ескерткіштерінде қолданған деген белгілі монголтанушы Б.Я. Владимирцовтың беделіне сүйеніп, бұл тіркес түркі және парсы тілдеріндегі казак және казактар сөз қолданысымен тең деген тұжырымға келеді және әлгі тіркестің іркілген сөзқолданысы ретінде барлық қазіргі монгол тілдерінде сақталғанын айтады. Бұл бізді қазақтың тұрмысы тек қыпшақтардан емес, одан да бұрын ол ежелгі монголдардан деген өз ойымыздың дұрыс екеніне одан сайын сендіреді.
Әрине, қазақлық арбасы деген «тіпті де «қазақ арба емес», арбаға орнатылған киіз үй, бірақ ол қазақ этногенезінің материалдық негізінде жатыр. Юдиннің қазақылықты әлеуметтік институт ретінде мойындауымен қатар, ежелгі монгол хасах тергенін юрта-арба деп мойындауы, казактардың этнос ретінде өз-өзін танудың және олардың «барлық киіз үйде тұратын ұрпақтардың арасында» топтық бөлектенуінің ғылымға еш қайшы келмейтін