Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 15
Егер осындай тайпалық одақтың біріншісі жөнінде «антропологиясы жағынан хуннулар маңғұл түсті болған, бұл Монголиядағы хуннулар обаларынан табылған материалдармен расталады және кейінгі б.д. д I ғ. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға көшіп кеткен өте сенімді қытай қайнаркөзі баяндағандай «солтүстік» ғұндардың тілі гаогюйлердің тілімен бір болса, онда ғұндар мен қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық белгілер арқылы мүмкін байланыстар онша беймүмкін көрінбеуге тиіс.
Ең қызығы, К. Данияров пен Б. Адиловтың миф тудыру деңгейіндегі тезистері ғылымға зиян болса тек мазмұны жағынан емес, оларды дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиян.
Аммиан Марцеллин, біраз дәрежеде белгілі және беделді V ғ. ұрым авторы, ғұндардың тұрмыстары мен мінездерінің кейінгі монголтүстес және түркітілдес көшпелі халықтарға ұқсайтынын растайды: «…олардың бәрі айрықша мығым және күшті, шүйделері тоқпақтай… тау мен ормандарға көшіп-қонып, олар бесігінен бастап суық, аштық және шөлге төзімді болады, және жат жерде олар айрықша бір қажеттілік болмаса, үйге кірмейді… олар жаяу ұрыстарда онша жақсы емес, оның есесіне олар өздерінің төзімді, бірақ ұсқынсыз кішкентай жылқыларына жабысып қалғандай, және кейде солардың үстінде әйелше отыра, барлық үйреншікті істерін тындыра береді…егер маңызды заттар жөнінде ойлану керек болса, олар барлығы жиналып кеңеседі; олар патшаның қатаң тәртібіне бағынбайды, оларға кейбір кездейсоқ ақсүйектің билігі де жетеді және барлық жолында кездескен нәрсені қиратады… Олар ешқашанда жер жыртпайды және соқа ұстамайды… мәңгі қашқындар сияқты, әр жерде көшіп-қонып, өмірін жабық арбаларында өткізеді (66–67 бб.)».
Сыма Цянь мен Аммиан Марцеллиннің келтірген деректері біз таныстырып отырған кітапты ғажап толықтырғандай. Егер оларға ежелгі түркі одақтары жөніндегі деректерді қоссақ, көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың әлеуметтік негізіндегі қазақ этногенезінің үзіксіз және біртұтас екенінде еш күмән қалмайтындай.
«Сөйтіп, менің бабаларым Бумын қаған мен Естеми қаған таққа отырды. Таққа отырғасын, олар Елді орнатты және түркі халқының Заңын орнатты», – деп түркі елінің бастауы жөнінде 732 және 735 жылдары Орхон өзені бойында Білге қағанға және Күлтегінге арналған екі тас жазуында түркілердің бірінші тарихшысы Йоллыг тегін осылай жыр етеді (cонда, 74 б.). Мұндағы «ел» сөзі түркіге де, қазаққа да ортақ. Оның мағынасы көшпелі «халық-мемлекет». Мұнда бір қызығы, «бодун» түрк сөзі тайпалардың жиынтығын белгілейді, «жеке тайпалардан құралған халық», ал оларды біріктіріп басқаратын Түрк Елінің нақ өзі (79 б.). Осы арқылы бодун сөзі ежелгі монголдарда және қазақтарда бар бақылаудағы территория