Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 18

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

тас жазуларында өте нақты көрсетілген» (136 б.).

      Сөйтіп, осы оқулықтағы ежелгі түркі дәуірін суреттеу автордың «казак» ежелгі түркі атауының түркітілдес екенін және көшпелі қазақтардың этникалық өмір дағдысының негізі ретіндегі қазақылық әлеуметтік институтының көне екенін еш жоққа шығармай, қайта растайды. Қазақстанның ежелгі монгол дәуіріне қатысты бұл оқулық «Алтын Орда» орыс атауы Дунайдан Ертіске дейін созылған Жошы ұлысына қатысты болған және кейін ол Өзбек ұлысы аталған автордың ұстанымдарын растайды. Осы ұлыстың Еділдің шығыс жағындағы сол қанаты орталығы Сырдарья бойындағы Сығнақ қаласында халық ішінде Көк орда аталған. Орталық орда ретіндегі Көк орда Орду Ежен иелігінде еді. Ол шартты түрде Ақ орда аталатын (Ақ отау – орталық орда) алтынға хұқығы бар ақ түстің иесі Бату иелігіндегі астанасы Еділдегі Сарайда болатын батыстық оң қанатына тәуелді еді. Өз уақытында Русьқа жорықтар ұйымдастыру үшін ақ отауды Батуға қойып, ал көгін Ордуға қойып, сөйтіп Ордуға күміске құқық беріп және Жошының үлкен ұлын кішісіне бағындырып, осылайша бөлуді Шыңғысханның өзі бастаған. Бұл мәселеде шейбанишіл тарихшыға сенуге болады, бірақ Шыңғысхан үшінші отауды Шейбанға қойды дегенде, бұл күмән тудырады. Өйткені, ол Жошының бәйбішесінен туған ұл емес, сондықтан оның Жошы ұлысының басшысын сайлауға мүлде хұқығы болмаған. Барлық өзге үлес тарату енді Бату иелігінде жасалды, өйткені Ақ орда барлық Жошы ұлысының әскери ордасына айналды. Тек Ақ орда ғана кейін Жүз орда аталды. Өйткені ол Русь пен Батысқа жорық жасау үшін өз ру мен тайпаларынан бөлінген жергілікті тұрғындарды казакка тартып, әскерін көбейту керек еді. Бату және Орду үйлерінің неформалды атауларының ауысуы Орду ұрпағы және қазақ хандары династиясының негізқалаушысы Көк орданың төресі Урус ханның Бату ұрпақтары өлгеннен кейінгі патшасыздық кезеңінде 1375–1376 жж. Ақ орданың билігін тартып алуынан еді. Кейін 80-ші жылдарда билікке Тоқа Тимур ұрпағы, Көк орданың төресі, Тоқтамыс жетеді. Содан бері қазақ хандары болған «көк» ордуидтер өздерін Ақ орданың заңды билеушілері санаған. Және онысы орынды еді, өйткені Бату тұқымы жойылғасын, Жошы ұлысындағы жоғарғы билікке тек Жошының үлкен ұлы Орду Ежен ұрпағы хұқылы еді (сонда, 173–176 б).

      Көк орданың кейінгі ішкі бөлуін Әбілғазы мен Махмуд ибн Валидің айтуынша, Батыс Еуропаға жорықтан келгесін, Сарай астанасында Бату жасаған: Орду ұлысының шығысына, Жоғарғы Ертіс және Алакөл аумағында шартты түрде оған бағынған Шейбан ұлысы қосылды, Орал өзенінің шығыс жағында, Ырғыз, Өр және Илектен Сырдарьядағы Қарақұмға дейін және Тоқа Тимурдың ұлысы, Оралдың батыс жағында, Солтүстік Кавказ, Астрахан және Маңғыстау аумағында (сонда, 227–228 б).

      Өзге де бөлшектеулер болған, бірақ олар негізгі болған жоқ. Егер Орталық Азия ру-тайпаларының қатаң иерархиясын ескерсек, осы Көк орданың қосымша үш негізгі ұлысқа бөлінуінен Қазақстанның үш жүзінің Жошының аталған ұлдарының үлкендігіне байланысты пайда болғанын

Скачать книгу