жөнінде «қызыл жіппен» зерлегендей айтылса да, онша орнықты айтылмаған. Мысалы, ол ежелгі монгол және қазақ хандықтарының қоғамдық құрылымын зерттеуіндегі егжей-тегжейлі ұқсастықтардан көрінеді (сонда, 365–384 б). Сол сияқты, XVII ғ. Тәуке ханның Ұлы Жүздің Төле биімен, Орта Жүздің Қазыбек биімен және Кіші Жүздің Айтеке биімен бірге шығарған Жеті Жарғысы бойынша, хандық билікке құқық, яғни жоғарғы әскери билікке иелік тек төрелерге беріледі. Азаматтық билік, егер тайпалардың өз-өзін басқаруын осылай аталуына рұқсат етілсе, тек елдегі дау-дамайды шешудің деңгейінде қалған. Дәл Шыңғысханның жасағындағыдай, Жеті Жарғыда «саяси және билік етудегі қылмыстар» ұғымы жоқ және «қару ұстай алатын тұрғындардан тұрақты түрде салық алу» рәсімі заң деңгейіне көтеріледі (368 б.), өйткені, көшпенділерде салық төлейтін отырықшы тұрғындар тым азайып кеткен. Жеті Жарғыда азаматтық қатынастар да жеткілікті қарастырылмаған, ол әдет-ғұрып бойынша шешіле берген. Сотты хандар мен билер жүргізген, бірақ мемлекетте күштеп өндіру күші болмағасын, қабылданған үкімдерді орындауды сотқа қатысушылардың ұтқаны барымталау арқылы өзі жасаған және ол заңды нәрсе деп есептелген. (372 б.). Қазақтың шаруасы, ежелгі монгол карачуі сияқты, заңды жеке және жекеменшік құқығы бар еркін заңды тұлға (377 б.), бірақ нағыз қазақ ретінде әлдеде күші бар Шыңғысханның Заңы бойынша, ол әскерге міндетті болған және қару ұстаған, өйткені қарусыз ол халық кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылған. Бір сөзбен айтқанда, жоғарғы сот және бас қолбасшы болған және елдер пәм халықтармен келіссөз жүргізу құқығына ие болған (383–384 б.). Алтын Орданың хандары дәуірлеп тұрған кездерінде дәл осындай болған (сонда, 219 б.).
Экономикалық құбылыс ретіндегі байларға және жеке бостандығы жоқ құлдарға және үй шаруашылығы ішіндегі «құлдыққа» қатысты оқулықта монголдан бұрынғы һәм кейінгі кездерде аса көп айырмашылық табылмаған. Тіпті ғұндардың ұғымдарының өзінде еш айырмашылық болмаған (бай, құл және т.т.). Мұнда автор оқулық редакторларымен бір пікірде, тек оқулықтың кішкене дәл емес пайымдары және негіздерімен келісе алмайтын жерлерін атап өткісі келеді. Кейде оқулық, одан бұрынғы барлық оқулықтар сияқты, арабтың сырттан берген атауларын ежелгі монгол және қазақтың өз атаулары ретінде қабылдай қоятын сияқты. Бұл, ең алдымен, қазақ даласына берілген Дешті Қыпшақ атауына байланысты. Бұл атауды оған қыпшақ тайпалар одағының оғыздардан асқаны үшін дәріптеу ретінде Х ғасыр географы Насири Хосров берген және Х ғасырда Ұлы Селжүктер енгізген Шыңғысхан ұрпағы, төрелерді, негізі сириялық «сұлтан» атауына қатысты. Ежелгі монголдар, немесе одан сайын қазақтардың, тұрмыста төрелерін сұлтан деп атауы, немесе қазақ даласын қыпшактікі деп атауы, әсіресе, олардың монголдардан жеңіліп, Еуропаға кеткен уақытта өте дүдәмал. Бұл мәселеде мұсылман қайнаркөздерін шығыс отырықшы халықтарының далалық өмірдің әлеуметтілігін қабылдауға жат екенін ескеру керек. Немесе неге олардың XVI–XVII ғғ. эфсаналарында қазақ жүздері жөнінде ешбір дерек жоқ, орыстың 1616