ашпаған… Тек кейін ғана кейбір тарихшылар монголдар Шыңғысхан империясын қайта құруға талпынған-мыс деген. Егер енді мектеп оқулықтарында қазақтар жабайы монгол ордаларының соққысын өзіне қабылдап, Еуропаны құтқарды деген тұжырым болса, мен оған таңданбаймын…. Кім кімді қырғысы келді, кім кімді басып алғысы келді, бұл өте даулы мәселе. Және де егер бұл істің ақыры жоңғарлардың толығымен жойылуымен біткенін еске алсақ… Ал «ақтабан шұбырындының» үйреншікті ұғымнан бас тарта алмайтын қазақ тарихының жандайшаптарына 1712 жылы қазақтардың Жоңғарияға олар үшжылдық жұт пен шөлден азап шегіп жатқанда, басып кіруін есіне салайық. Айтпақшы, «ақтабан шұбырынды» жөнінде ешбір нақты деректер жоқ. Бұл оқиға туралы әңгімелеген авторлардың бәрі тек халық аңыздарына сүйенеді, олардың көркем шығармаға жақын екенін ұмытып… Әрине, «ақтабан шұбырындының» болғаны анық. Бірақ бұл оқиғаға дейін қазақ халқының жарты саны қырылды деген дерек ешқандай құжаттармен дәлелденбеген, сондықтан табанды түрде қарастыруға жатпайды. Біз бір кезде Қазақстан территориясында жезтырнақтар, айдаһарлар және мыстан кемпірлер болды деп айтпаймыз ғой, бұл да сол сияқты. Аңыз бойынша, жас сұлтан Абылай батырлық жекпе-жекте қонтайшы Галдан Цереннің ұлы Чарчаны өлтірген делінеді, ал құжаттар бойынша, Жоңғар билеушісінде ондай есімді бала болмаған. Сонымен бірге, жоңғарлар мен қазақтардың қарым-қатынасы тек соғыс әрекеттерімен шектелмеген. Өткен шақ баяндаушыларын әркездегідей көбінесе саяси оқиғалар толғандырса да, экономикалық байланыстар жөнінде де байланыстар сақталған. Сауда нәтижесінде қазақтар өздеріне нан, жаркент маталарын және түйелер алған, ал өздері түлкі мен қарсақтың терісін сатқан. Осы екі көшпелі этностың өзара мәдени ықпалы зор болатын және тіпті қазіргі қазақ тілінің өзінде монгол сөздері лықа толы, сол сияқты ойрат тілі де жартылай тюркизмдерге толы. Осы екі ағайынды халықтардың дағдысы мен дәстүрі де ұқсас. Оны айтасыз, тіпті атышулы Жеті Жарғының өзі жоңғар заңдар кодексі «Их Цааз»-дың бір нұсқасы сияқты. Қазақ-жоңғар өзара қатынасын дәстүрлі қарастыруға үйренгендердің барлығы жоңғарлардың қазақ этногенезінде де біраз үлесі бар екенін ұғынулары керек. Мысалы, қалмақ сұлулары қазақтар арасында өте жоғары бағаланған. Байлар оларды сатып алса, кедейлер жорықтардан әкелген, өйткені тек жоңғар қыздарынан мықты балдар туады деп есептеген. Ол аздай, тек монгол этностарының өкілдері, дәстүр бойынша, қазақ сұлтаны мен хандарының төлеңгіттер гвардиясын құраған. XVIII ғ. трагикалық оқиғалары нәтижесінде де батыс монголдардың көп бөлігі қазақ халқының құрамына кірген. Сондықтан жоңғарлар мен Жоңғарияның тарихы өте зор мөлшерде қазақ және Қазақстанның тарихы. Жоңғарларға теріс қарау дәстүрі Қазақстанның Ресейге қосылу уақытынан бастап нәр алады. Өте ұғынықты себептерге байланысты алдымен метрополия тарихшылары тырысып бақты. Олардың тарихи оқиғаларды бағалауы толығынан мемлекет идеологиясына тәуелді еді, ал «зюнгорецтерге» қарағанда «киргиз-кайсактар» империяның берілген бұратаналары