Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 26

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

тек қана Левшин емес, Валиханов деректерімен де дәлелденеді. Урус өмірінен алынған тарихи сенімді деректер аңыздағы Алаш өмірімен толығымен ұқсас, тіпті уақыт бойынша да. Монгол тілінен Алаш – өлтіруші деп аударылады. Ал Урус барлық деректерге қарағанда далалық билікті заңсыз тартып алғандарды өз қолымен өлтірген (мысалы, қият Джир Кутлуды). Асқақтығымен және ұрысқақтығымен белгілі Урус, өз атына байланысты, тумысынан сарышашты болған шығар, ал мінезі ондай болмаған. Қалай болғанда да, оның ежелгі орыстарға тән ныспымен аталғаны қызық. Сондықтан аңыздағы Ақ Нияз ныспысы кейінгі Хак Назар ханнан гөрі Урусқа жарасады, өйткені Хақ ақ немесе ақшыл деген емес. Біз Алашты қарақшы казак үш жүзінің көсемі ретінде және Урусты қазақтың бірінші ханы ретіндегі қолдап отырған Сабитов нұсқасының осал жері Урустың үш жүзге қатысы. Урус ханды қанша сыйласақ та, оның қазақтарды үш жүзге бөлгені беймүмкін және оларды жүздер деп атаған да ол емес, ол тек олардың үлкендік ретін анықтай алар еді. Өкінішке орай, Р. Темиргалиев жұмысының осы беттерінде (сонда, 117 б.) аса бір еркін пайымдау жасайды, ол оқырманды қысқалығы мен нұсқалығы таң қаларлық «Қазақ хандығының нағыз тарихы» кітабына сенімінен онша айныта қоймас деп сенеміз. Р. Темиргалиев Жүз Орда ұғымын онша қисынды деп таппай, оны «Орданың Жүзі», демек «орталық» мағынасындағы Орта Жүз деп оқиды. Ол «орта» ұғымының жас үлкендігі табиғатына және «орталық» ұғымының жердегі орналасу ретіндегі айырмашылықтарына назар аудармаған. Әңгімелеп отырған мәселе ауқымында «орталық» ретіндегі Орта Жүз орта емес, тек «ұлы» болар еді. Сонымен бірге, дыбыстануы мен жазылуы бірдей Жошының бірінші ұлы Ордудың және әскери тұрақ Орданың екі басқа екенін ажырата алмаған. Сосын ол улустың тек қана ру-тайпалық бірлестігі емес, сонымен қатар, бақылаудағы территория ретіндегі жұрт екенін есте сақтамаған. Жүз Орда Орталық Қазақстандағы Орта жүздің жеріне еш орналаса алмас еді. Оны айтасыз, В.П. Юдин осы Жүз Орданы орыс тілінде де жүз орда деп түсінген. Бұл мәселеде біз әйгілі түркітанушыға сенуге міндеттіміз. Және де егер Р. Темиргалиев Шыңғысханның ежелгі монгол суперэтносының шығу тегі мен құрылымының «қазақылық» арқылы болған деген концепциямен таныс болғанда ол, бәлкім, пікірін өзгертер еді. Бағымызға, бұл оның бүкіл кітабындағы өзі ашқан жаңалықтарының артықшылығына қызығудың және өз методологиясына (ереже ретінде жарияланбаған, бірақ осы уақытқа дейін оны мүлт кеткізбеген) көз жұма құлаудың жалғыз көрінісі.Басқа жердегі автор тапқан кейбір сирек ақаулықтар көрегенді, ұғынықты және дауласуға тұратындай. Атап айтқанда Р. Темиргалиев, кеңес тарихшысы С.Е. Толыбеков сияқты, қазақтардың қазақ арбадан құрама киіз үйлерге көшкенін өмір сүруде жеңіп шығудың маңызды факторы санайды, «өйткені өте жәй жүретін үйлі арбалар ойраттың жойқын атты әскеріне оңай олжа болатын» (Темиргалиев Р. Настоящая история… с. 268). Жоғарыда «Қазақстан және Орталық Азия тарихы» оқулығы редакторларымен дискуссияда келтірілген дәлелдерден

Скачать книгу