жаңа халық шығады. «Қыпшақ» ұғымының көбінесе шартты екенін есте ұстау қажет және кейін бұл халық шарлар, кумандар, половцылар, кундар, ногайлар, татарлар, өзбектер, казақтар сияқты (курсив авт.) түрлі атаулар арқылы танымал болды. Бұл атаулардың кейбірі кейін қазіргі халықтарға көшті,сондықтан автор қыпшақ ұғымын қолдану қажет деп санайды, өйткені бұл осы халық тарихының тұтастығын ұғынуды оңайландырады». Қайта басылып отырған кітаптың авторы да қыпшақ ұғымын кең қолданатын болса да, шынында да өте шартты деп санайды. Бұл ұғым ежелгі монголдардың тілдік «түрктендіру» деп аталатын құбылысқа ғана байланысты. Дұрысы Шыңғысханға дейін қыпшактікі емес, ежелгі түркі суперэтносы, ал кейінгісі ежелгі монгол суперэтносы. Егер өз уақытындағы түркі тілтануының сөзсіз білгірлері ретіндегі XIX ғ. Радлов пен XI ғ. Махмуд Кашгариді есімізде сақтасақ, олар «тек қана қалалықтармен тұрақты кездеспейтін көшпелі өмір дағдысындағы түркілер ғана ең таза және дұрыс тілді сақтайды» деген(История Казахстана и Центральной Азии… С. 157). Сонымен бірге, қазақ даласының көп бөлігін кимактардың батыстық бөлігі ретіндегі «салыстырмалы түрде аз қыпшақтар емес», олардың үстемшілігін мойындаған Махмуд Кашгаридің оғыздары, кимактар, башқұрлар, басмылдар, карлуктар, татарлар, қырғыздар және өзге халықтар құрағанын естен шығармасақ, онда «қыпшақ» суперэтносын таза түркілік, немесе ежелгі түркілік деп атау өте орынды. Қазіргі қазақтар, әрине, өзге түркі этностары сияқты бұл біртұтас далалық түркі суперэтносына кірген, бірақ тек қазақтар ғана бұл біртұтас халықтың тарихи өмірінің үзілместігін сақтаған, өйткені Шыңғысханның өсиеті бойынша көшпенділікті сақтаған және сондықтан ешбір отырықшы, немесе ормандық мәдениетпен араласпаған ежелгі түркі халық боп қалған. Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «Л. Гумилевтың өзі қыпшақтарды Еуропаға ұқсас динлиндердің ұрпағы, ескі халық деп санаған. Бірақ Л. Гумилевпен келісуге кеңес археологиясының деректері кедергі жасайды. Олар қыпшақтар арасында европоидтық компоненттің бар екенін айтса да, олардың көбінесе монголоидтар екеніне нұсқайды. Сондықтан С. Кляшторный ұсынған IX–XI ғғ. қыпшақтардың өз атауы болған «половцы» деген «шары» («сары») түрк сөзінің орыс тіліне тура аудармасы деген пікірі көбірек сенім тудырады.
Көтерілу.
Алғашқыда Кимак қағанатына кірген қыпшақтар тәуелсіздік алады да жәнеҰлы Даланың барлық батыстық бөлігін оңтүстікке Сырға дейін және батыста Дунайға дейін тез бағындырады. Өздерінің салыстырмалы түрде аздығына қарамастан қыпшақтар олармен отырықшы мемлекеттер келіссөзге ұмтылатын каһарлы күшке айналады. Көптеген шет елдердің дәстүрлі историографиясы әлі күнге дейін қыпшақтардың тарихтағы маңызына, оларды тек тонау мен қанішерлікке ғана қабілетті жабайылар деп санап, тысқары қараған. Қазіргі Ресей тарихшылары половцыларды тек қана қара бояумен көрсететін көне жылнамалардан цитата келтірумен мәз. Және де бұл жылнамалардың авторлары православие монахтары болғанын және бұл жағдай, әрине, олардың көзқарастарына