Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 28
XIV–XV ғғ. Жарықшақтану.
Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады… Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне онша іліңкіремейді.
XVI–XVIII ғғ. Инерция.
Қыпшақ мемлекеттері қорғануға көшіп, бірінен соң бірі қаза табады. Егер бәрі Урус хан, немесе Қасым хан сияқты, шынында да құдыретті патшалардан басталса, біздің тәуелсіз тарихымыз мемлекет басшысынан гөрі қарақшылар тобының атамандарына ұқсас Абылай және Абулхаир хандармен бітеді. Сонымен бірге, Л. Гумилев айтқандай, этногенездің инерциялық кезеңінде жыраулар поэзиясында өзінің шегіне жеткен қыпшақтардың «Қайта Өрлеу Дәуірі» туады. XVIII ғ. қазақтың хандары тәуелсіз тірліктің енді ешқайда апармасына біліп, Ресей империясының құрамына ерікті түрде кіреді.
XIX–XX ғ. басы. Обскурация.
XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеген әрбір адам мұны растар деп ойлаймыз: бұл уақыт сипатына «обскурациядан» өзге еш термин келмейді. Ресей шенеуніктері даладағы барымта мен бүліктерді тыя алмай, жынданып кете жаздады. Қыпшақтардың бір-біріне жазған арыз шағымдарына Ресей архивтері бүгінге дейін толы. Жыраулардың терең және әсем поэзиясының орнына дүмше ақындардың ұйқас қуалай беретін қара өлеңдері келеді. Қыпшақтар соңғы пассионарийларын көбінесе өздері өлтіреді, ал ұлттың нағыз гүлі, Алаш Орда, халықтан өте аз мөлшерде қолдау табады. Мұның бәрі сөзсіз трагедиямен бітеді. Қыпшақтардың дәрменсіз қалдығы ұжымдастыру кезеңінде қаза табады… Қыпшақтың, немесе көне қазақтың (сізге осылай атау ұнаса) тарихы, міне, осындай. Ал қазіргі қазақ этносы мүлде жаңа этникалық жүйе өзге халықтармен салыстырғанда, ол Гумилев айтқандай, кемел жастағы еркек емес, немесе Е. Ермолаев айтқандай, алжыған шал емес, бала. Дәл осыдан бұл этноста әлі өзіндік мәдени дәстүрі жоқ, сондықтан кейде өз бабаларынан, кейде көрші халықтардан жоқ нәрсесін алуға мәжбүр. Әрине, жас болу деген ұзақ өмір сүру деген емес, өйткені этнос тірлігі адам тірлігі сияқты, кез келген уақытта үзілуі мүмкін». Сонымен бірге, қайта басылып отырған кітаптың авторы көшпелі қазақтардың дәстүрлі құрылымының кеңес кезеңіндегі деформациясынан кейін Қазақстан тіпті Қайта Құрудан бұрын баяғыда отырықшы аграрлы индустриалды мәдениетке көшкен полиэтникалық мемлекетке айналды. Сондықтан осы посткеңестік субэтностың титулды ұлты ретіндегі қазіргі қазақтар таңдау алдында тұр: олар иә ақпаратты қоғамға айналып, жеке ашықтықты және қазақ дәстүрлі мәдениетінің өзге ақпараттық құндылықтарын қайта жандандыру ұлттық идеясы негізінде жалпыазаматтық ұлт ретінде жаңа этнос құру керек,