Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 30
Қызығы, қазақтың халық аңыздарында XIII ғ. шынайы тарихи каһармандары кейбір рулардың негізқалаушысы деп аталады. Мысалы, үйсіндердің рубасысы деп Шыңғысханның мыңбасы Майқы би аталады, найманның рубасысы деп Кит Бұқа, арғындардың рубасысы деп Кадан тайшы.
Жылнамалар беттерінде тайпалардың мүлде жаңа бұрын таныс емес атаулары көріне бастайды. Көбінесе олар өздерінің атақты рубасыларының атын алған. Мысалы, XIII–XIV ғғ. қайнаркөздерінде Таз немесе Йаглыбай (Жагалбай) сияқты Алтын Орда тарихындағы көрнекті тұлғалардың есімдері аталады, ал сәл кейінірек солармен аттас рулар мен тайпалар шығады. Біздіңше, бұл жәй ұқсастық емес. Шексіз полигамия жағдайында ақсүйек өкілдерінің балдары көп болған, тіпті кейбір бектерде жүзге тарта немере мен шөберелері болған, кейін олар жаңа ру құрап, оны атасының атымен атаған. Және тек Ақ Орданың ханы өлген соң, оның ұлы Урус таққа отырып, енді өз ақшасын шығаруға жарлық берді. Осы сәттен бастап Урус оны түсіне қоймаса да, жаңа мемлекеттің тарихы басталды. Ақша шығару ол үшін өзінің Сарай тағына көз салғанын көрсету еді. Бірақ ол Батухан империясын қанша тудырғысы келгенімен, оған оның өзі де, ұрпақтары да қол жеткізе алмады. Қалай Ақ Орда өмір сүруге тиіс болса, Алтын Орда қаза табуға тиіс еді (яғни, қаза тапқан Жошы ұлысы, кең мағынадағы Алтын Орда болатын, ал Ақ Орда, немесе тар мағынадағы астана ретіндегі, Алтын Орда және біртұтас елді басқару иелігі Көк ордадағы Жошы ұрпағына көшті). Тағы бір айта кететін жайт, тарихшылар арасында Урус ханның шығу тегі жөніндегі мәселеге бір көзқарас жоқ. Кейбір ғалымдар оны Орду Еженнің емес, оның інісі Тука Тимурдың баласы деп санайды. Оның дәлелі ретінде Шыңғыс ұрпақтарының ортағасырлық шежірелері келтіріледі. Әйтсе де, қашан және қалайша Тоқа Темір ұрпағы Сығнақтағы билеуші династияны ауыстырды деген сауалға жауап жоқ. Қан-төгіссіз саяси күрестен зор және ықпалды кланды алып тастау мүмкін емес. Бірақ Орду Ежен үйінің ханзадалары өлтірілсе, ол көрінбей, сөзге ілінбей қалмас еді. Саяси оқиғаларды баяндайтын жазбаша қайнаркөздер Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Орду Еженнің ұрпақтары қолында қалғанын растайды. Урус ханның шығу тегі жөнінде мүмкін сақталмаған қазақ шежірелері