Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 33

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

дәуірі ретінде жазды. Бірақ мұнда далада қаңғып жүріп көптеген жауларға қарсы тұрған жас ханның батырлығы мен ерлігі жөнінде баяндалды. Ал Жәнібек пен Керейдің ұлдарын қазақ дегенде сарай тарихшылары кешегі өткен шақтың оқиғаларын бұрмалап, олардың статусын төмендетуге тырысқан. Сөйтіп, Абулхаир емес, Керей мен Жәнібек билікті тартып алушы бұзақы казактар деп жарияланды. Жаңа атау өзге авторлар арасындада тез тарап кетті, өйткені Мәуреннахрға көшкен өзбектерді, олардың Дешті Қыпшақта қалған ағайындарынан ажырату оңай болды. Әйтсе де, Шейбанидің қарсылас династия өкілдерінің статусының төмендетуге тырысқаны табысты болмауы да мүмкін еді, егерде 1511 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтың жаңа билеушісі боп Жәнібек ханның ұлы Қасымхан болмаса. Ол өзінің ұлы замандастары Бабыр мен Шейбанидан еш кем емес, Дешті Қыпшақ пен Орталық Азия тарихының ең атақты каһармандарының бірі. Жылнамашылар жазғандай, Жошы ханнан кейін ешкімде мұндай құдыретті билік болған емес, тіпті бұрын өзге ұлыстарға кірген миллион шамасындағы көшпенділер хан Қасымның билігін мойындаған. Бірақ қазақ аңыздарында Қасымхан ең алдымен қазақтар аса тағзым ететін «Қасқа жол» заңдар жинағының даңқты авторы ретінде құрметтелді. Таза жол деген мағына беретін жинақтың атауының өзі заң шығарушының дала заңдарын өзге жат құрамалардан тазартқысы келгені жөнінде айтып тұрғандай. Бәлкім, әрине, мұндай атауды хан Қасымның заңдары халық арасында кейін алған шығар, бірақ мұның өзінде де қоғамдағы оған аса құрметпен қарау, аса аялау дағдысы тек пайда болмағаны түсінікті. Қаңғу мен күресте туып өскен Қасым психологиясы таза казак психологиясы еді. Мысалы, могол ханы Сұлтан Саид Мәуереннахрды жаулап алып, өзара бөлейік дегенде, Қасым оған былай жауап берді: «Біз далалықтармыз; бізде сирек, немесе қымбат заттар, немесе тауарлар жоқ, біздің басты байлығымыз жылқылар: олардың еті мен терісі бізге ең үздік тамақ пен киім болады, ал біздің ең тәтті сусынымыз олардың сүті және одан жасалатын нәрсе, біздің жерде бау-бақша мен ғимараттар болмайды; біздің демалыс орнымыз мал жайлауы мен аттар үйірлері, сол үйірлерге барып біз аттарды қызықтаймыз». Шамасы, сол Қасымның кезінде қазақ әдеті Шыңғысхан Заңы – Ясадан қол үзген. Бірақ, сонымен бірге, өзге Жошы ұрпағында Ясаның орнына жүрген шариатқа да тыйым салынды. Оның орнына таза қазақылықтың әдеттері заң дәрежесіне көтерілді. «Доннан ұстап беру жоқ» дейді екен Сары Азманның мұрагерлері, ал қазақ ханы Абылай Ресей және Қытай биліктеріне қашқындарды ұстап беруден бас тартып, «біздің далалық заңдар бойынша, өз бетінше иелерінен қашқан иттердің өзін қайтаруға болмайды» – деген екен. Саяси құрылымның қағидаларында да маңызды өзгерістер болды. Қасымның аға інілері Жаныш, Таныш, Үсек, Жәдік хан титулына ие болды. Рубасылар да маңызды дәрежеге көтеріле бастады. Іс жүзінде жоғарғы хан Қасым билеушіден гөрі әскери көсемге ұқсайтын, өйткені әбден қартайғанша жорықтар мен ұрыстарға қатысып жүрді. Осындай көзге түрпі тәртіптің орнауының

Скачать книгу