Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 37

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

және т.т.) тайпалары болған, соның арасында тайджуит тайпасы болған, оның арасында әскери көсемдерден тұратын, түркітілді және тайджуиттермен туысқандық емес, саяси байланыстағы қият руы болған. Яғни, тайджуиттер қият руының ұлысын құраған, ал ол «біріншібүкілмонгол» ханы Хабулдан тараған джуркиндерге, чаншуиттерге және ясарларға бөлінген. Көккөз борджигиндердің бөлімі Шыңғысхан әкесінен жасанды түрде және Шыңғысхан казактары тайджуиттерді жаулап алғаннан және осы рудың өзге бөліктерінің ақсүйектері өлтірілгеннен кейін бөлінген. Оны аз десеңіз, Шыңғысхан өз руының ең жақын туыстарын өлтіруге мәжбүр болды. Мысалы, өзі онда құлдықта болған, ал тайджуиттар өзінің «табиғи иесі» санаған, яғни заңды билеуші тұтқан Таргитай Кирилтухты. Міне, сондықтан Шыңғысхан тайджуиттарды, олар оның өз руы болса да, және теориялық түрде ол оларға арқа сүйей алатын болса да, өзге тайпалармен бірге жәй араластырады да, өз монголдарының казак ұлысына қоса салады. Қазіргі көрнекті монголтанушы Скрынникова (сонда, 142 б.) жағдайды қанша қарабайырландырса да, тайджуиттарға қарсы тұрған монгол руы ретіндегі қияттар емес (оларды нукуз, немесе чонос деп те атаған және олардың ежелгі қазақ тайпалар одақтары усун, аргун және алшундармен байланысын әлдеде зерттеу қажет). Монгол болған қияттар емес, одан гөрі Шыңғысхан казактары және тек жалғыз солар тек қана тайджуиттың емес, нирундар және турлигиндердің барлық тайпаларына қарсы тұрған. Қарсытұрушылық өте кең болған және ол этникалық емес, әлеуметтік түрде болды. Шыңғысханның қият болмауы да болар еді, бірақ бәрібір бұл бай ауылдары мен тайпалық курендер арасындағы, барлық қатыгездіктерге соқтыратын азамат соғысы еді. Оның мақсаты көшпенділер цивилизацияның саяси және экономикалық құрылымындағы көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың билігін орнату еді. Бұл тұрғыда Әкімбеков, Гумилев сияқты, Шыңғысханның сыртында ешқандай тайпалық құрылым болған жоқ дейді және бұл деректің өзі Тәмуджиннің кейін Монгол империясын қалыптастырғанында, оған өзге көшпелі мемлекеттермен салыстырғанда, өзгеше, сирек кездесетін сипат берген дейді. Яғни монголдардың сыртында Гумилевтің «ұзын жігерлі» адамдары тұрды, олар «тайпалық құрылым азғасын» жеке отбасыларымен көшіп отырған және белгілі дәрежеде тайпалармен байланыстарын жоғалтқан (сонда, 147–149 б.). Бұл пікірді күшейту үшін қазақ этногенезінің қазақылық концепциясына сүйіспеншілігі бар деуге келе қоймайтын Иакинф Бичуриннің пікірін келтірейік. «Монгол үйі XIII ғасырда қазірге дейін ол ұстап тұрған халық атауын берген халықтың тайпаларына мүлде жатпайды». Осымен монгол руы Қият Борджигин мен түркі руы Ашинаның қазақы табиғатының ұқсастығы жөніндегі зерделеуді доғарып, ежелгі монгол суперэтносының «жүздік» және «мыңдыққа» бөлінген казактарының ру мен тайпаларға бөлінген ежелгі түрік суперэтносынан айырмашылығына көшуге болады. Әкімбеков Шағатай ұлысына қатысты жазғандай, Шыңғысхан империясының мыңдықтары түрлі көшпелі тайпалардан құралған және

Скачать книгу