бір жағынан халық, бір жағынан мемлекет. Оларға кейін Тәуке ханда Жеті Жарғысы арқылы салық салғысы келді және жалпы Монголдардың Ұлы мемлекеті солар үшін құрылған еді. Қытай, Ресей, Хорезм, Иран сияқты провинцияларға қатысты салықтар қазіргі кездің де, сол уақыттың да өлшемдерімен онша ауыр болған жоқ, бірақ, әрине, салмақтылау, өйткені ол барлық жаугершіліктің екінші мақсаты еді (сауда орындарына шығып, Ұлы жібек жолын қорғағаннан кейін): «ел әскерге» салым төлету және бағынышты отырықшы тұрғындары бар жұрт жаулап алу. Ең қызығы, монголдар жаулап алған жергілікті отырықшы тұрғындардан шыққан тарихшылар монгол билеушісінің артықшылығы ретінде оның жауапты билеуші болуға қабілетін және жергілікті халықтың мүддесін сыйлауға ниетін атаған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Барак ханға қарсы жорығында Абага хан ешбір жан ешбір масаққа зиян келтірмесін депті және кері қайтып бара жатқанда әскер мен құжынаған қара халыққа қарамастан, ешкімге қылдай зәрәзап келтірмесін депті (сонда, 326 б.). Ерікті казактар әскеріне бұл онша ұнамайтын. Газан хан олардың толқулы көңілін былай деп басыпты: «Мен райят тазиктердің жағында емеспін. Егер пайда тек соларды тонауда болса, бұл іске менен күшті адам жоқ. Керек десеңіз, бірге тонайық. Бірақ егер болашақта менен тагар мен тамақ сұрайтын болсаңдар, мен сендермен қатыгез боламын. Енді сендер ойланыңдар, егер сендер райяттарды ренжітсеңдер, олардың өгіздерін тартып алып, нанын таптасаңдар, онда болашақта не істейтініңді ойлаңдар» (сонда, 333 б.). Төрелердің осындай әңгімелеріне құлақ түрген қазақтар отырықшы территориялардың ішінде қалып, әскери сословиеге көшіп, жергілікті этностардың элитасына айналады екен. Ал тыңдамағандар өзге жерлерге, немесе қазақылықтың тұрақты орнына айналған, далалықтардың көптеген жаңа әскері жинала беретін Қазақстан территориясына кеткен.
Айтпақшы, 1480 жылғы «Уградағы тұру» Ахмет хан үшін Ресейден кетумен бітті, себебі Қазақстаннан, Алтын Орданың сол қанатынан қолдау болмаған. Міне, содан соң көптеген Шыңғыс ұрпақтары және олардың жауынгерлері Мәскеуге қызмет етіп, соның билігінің қол астына көшеді (сонда, 452 б.). Әрине, бұл патриоттыққа жатпайды, бірақ олардың қазақы болмысы солай еді, ол аздай, төрелерден Ресейде «татар ақсүйектері» құрылды және Ұлы княз ретіндегі Иван Грозный ақыры патша титулын қабылдап, олардың атынан емес, өз атынан сөйлеуге батылы барғанға дейін, тек төрелерде ғана патша атануға құқығы болған. Сөйтіп, Угэдэй хан кезінде Елюй Чуцай енгізген метрополиялар мен провинцияларға орталықтырылған салық салу жүйесіне қайта оралсақ, Ұлы Монгол империясы ұлыстарға ыдырағасын, ол да құрып бітті, бірақ өзінен кейін бұрын феодалдық ыдырауда болған, ал енді орталықтырылған Қытай, Иран, Ресей және өзге елдерді қалдырды. Ал Қазақстан болса XIX ғ. ортасына дейін төрелердің Орду ұрпағы бастаған қазақылық ордасы боп қала берді. Бұл қазақылықтың еркін ордасын, немесе Жошы ұлысының сол қанатын, немесе Көк, кейін Ақ Орданы, ақыры ешкім бағындыра