Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 35
Сөйтіп, ұлы даланың ұлы билеушілері ретіндегі Ашина хандар руы болған, ол өзінің түркі тайпалар одағы ретіндегі түрк еліне сүйеніп, барлық түрк бодундарды, яғни өзге рулардың жиынтығы мен бірліктерін билеген. Бәлкім, түркі тайпаның өзі ежелден болмаған шығар, өйткені күштеуші аппараттың ролін билеушілердің туған тайпасы емес, белгілі тайпалардың одағы атқарды. Ал бірақ, ол өзінен кейін еш мұрагер қалдырмай, ыдырап кетті. Міне, сондықтан саудалық артықшылықтар таратумен қатар, «Түркі қағанаты билігінің өте кең далалық кеңістікке таратылуы арқасында көп әскер мен тұрғындар жұмсау керек болмады және өте аз уақытта жасалды». «Есіңізде болсын, болгарлар мен хазарлар түркілерге өз еркімен бағынды және оларға Түркі қағанатының ақырына дейін бас көтермеді, ал ол күйрегесін, хазарлар Ашина руы хандарын билікте сақтап қалды. Кейін болгар мен қыпшақтар да сөйтті. Түркі атауымен өз, немесе туған тайпасы болмағасын, Ашина хандарының саяси тұрғылары осалдана берді, ал өзге тайпалардың далалық аристократиясы күшейе берді. Сөйтіп, «…Сюань-цзун императоры кезінде Тан империясы жаңа күшейгенде, әлгі тайпалар ендігі саяси кеңістікте Ашина руының енді қажетсіз екеніне көздері жетті» (сонда 104–105 б.).
Міне, осыдан болар, ежелгітүркі қағандарының эпитафиялары өзге ру мен тайпалар түрк елінен бөлініп кетеме деген қорқынышқа толы, өйткені, олар өздері өз саяси тәуелділігін таңдай алатын. Міне, сондықтан Темир Кутлуг, Еділ бойындағы Ұлы Орданың ханы Литва князі Витовтқа Қашқын Тоқтамысты қайтар деп өтініш жазғанда төрелердің қазақы тағдырына налиды: «Бүгін қашқын, ертең хан» және керісінше де болар,