Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 34

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

«Далалар тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің құбылысы» территориялар мен тарихи кезеңдерді суреттеу жағынан ауқымды, зерделеу жағынан жарқын құрылымды зерттеуі шықты. Бұл кітап ғылыми жағынан бар талаптарға жауап береді, өйткені Султан Магрупович тарих маманы және оның ғылыми дәрежесі бар. Сырттан білсек те, ол Қазақстан шығу тегінің қазақылық концепциясымен таныс емес, өйткені қайта басылып отырған кітаптың авторына сілтеме жасамаған. Бірақ қайта басылып отырған кітаптың шешімдері мен қағидаларын растауда, бұл кітаптың құндылығы бөлек. Осы кітапқа өз түсінігімізді қысқаша баяндап беруге тырысайық.

      Әкімбеков б.д.д. III ғ. Қытай реформалары Қытайдың далалық шеті ретіндегі Монголияда көшпелі империялардың пайда болуының негізгі себебі болды деген заңды, бірақ аяғына дейін дәлелденбеген ой қағидасынан шығады. Маманданған, негізі тауарлы, көшпелі мал шаруашылығы саудасыз тірлік ете алмас еді, ал жоғарыда айтылған реформалар арқылы Қытай тарыдай шашылған далалық тайпаларды басқару жөніндегі орталықтандырылған саясат жасай алды, «салымсыз алым да жоқ» дейтін олар, тек алдын ала ақша төлегендерді қолдап. Осындай саясатқа заңды қарсылық ретінде бірінен соң бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың әлемдік көшпелі империялары пайда бола бастады. «Шыңғысханның монгол дәуіріне бір тайпалар кірді де, ал шыққаны мүлде өзге болатын», өйткені дәстүрлі көшпелі тайпалардың шекаралары бұзылды» (Акимбеков С.М. История степей… С. 2). Бұл ру-тайпалық құрылымды күйрету Қазақстанға да жеткен еді. Монгол империясы қытай саяси ұйымының негізін алып, барлық өзге жауланған террриторияларға (провинциялар) дейін жеткізді. Және де, әрине, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінген метрополия халқы ретіндегі далалық тайпаларға бұл қатысты болмаған, яғни «Далалар тарихының…» батыл және кең ауқымды баяндауы қиял ғажайып нәрсеге айналады, немесе ол таза мүмкіниятқа жіберумен шектеледі. Атап айтқанда, Алтын Орда қалай Мәскеуге «шығыс деспотизмді» береді, егерде өзі оны Қытайдан алудан бас тартса, ал ежелгіорыс общиналары Ресей батыстық жолмен дамуының мүмкіндігі болды деген пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені теоретикалық жағынан, фактологиялық көзқарас жағынан да аса зор орасан кеңістіктерде шашылған және жеке дара қалған общиналар, керісінше, мемлекеттіліктің шығыс үлгісінің негізі болатын және де тек Русьта емес. Бақытымызға, Әкімбеков пайдаланған бас айналар қолжетімді қайнаркөздердің және арнайы әдебиеттің зерделенуіне және пайымдалуына еш нұқсан келтірмейді. Әсіресе, бұл көшпенділер империяларының саудалық табиғатын дәлелдеуге қатысты және көшпенділер соғыстарының Ұлы Жібек жолға қатысты екеніне. Қайнаркөздердің ашылған және зерттеулердің жүргізілгені сонша, енді тек оларға сапалы пайым мен қордаландыру жетпей тұр еді. Сондықтан бізге қалғаны С.М. Әкімбековке осы іргелі еңбегіне алғыс айтып, енді ондай зор болмаса да біздің проблемаларға қатысты оның тезистеріне көшейік.

      Қазақ

Скачать книгу