олар Солтүстік Батыс Кавказ территориясын таңдаған шығар. Барлық жағдайға қарағанда, бұл мекен қазақылықтың отаны болған сияқты. Мысалы, Мәскеумен соғыс кезінде осы Кубаньда ғана 1445 жылдың көктемінде Қазан ханы Улуг Мухаммед еш қиындықсыз және тез екі мың казакты ақы төлеп өз әскеріне алған. Бірнеше ай өткен соң сол баяғы «Черкеске» өз өмірлерін сақтап қалу үшін хан ұлдары қашқан. Сонда сол казактар кім болды екен? Әдетте, түркі тілдерінен «казак» термині «ерікті», «кезбе», «жолаушы» деп аударылады. Тар мағынасында дала қарақшыларын да, аздаған салт аттылар тобын да және жәй жалғыз ілікті батырларды да осылай атаған. Әйтсе де, қазақылық деп Дешті Қыпшақтың арнайы әскери мәдениеті де аталған. Қазақылыққа шығу ол соғыста есі ауғанша өжет болу, ал бейбіт кезде ешбір билікке бағынбау. Казактар көштеріне патшалар, бүлікшілер, авантюристер, қылмыскерлер, бір сөзбен айтқанда, белгілі бір уақытқа туған жерінен кетуге қажет болған барлық адамдар кете берген. Адамдардың бұл түрінің ермегін елестету қиын емес. Керуендерді тонау және көршілерге тыныштық бермеу, міне, казактар алғашқыда осындай нәрселермен айналысқан. Бірінші боп осы бүлікшіл далалық топты өз пайдасына жаратуға қисын тапқан мәскеу княздары. Мәскеу князі Василий Дмитриевич (1389–1425 жж.) және, әсіресе, оның ұлы Василий Васильевич Темный қашқын «патша» мен «ханзадаларға» тұтас аймақтарды олардың «олжасына» беріп, тіпті «шығын» төлеп тұрған. Оның орнына «ордабұзарлар» Русті кез келген жаудан қорғау борышын мойнына алған. Мұндай татарсүйгіш саясат көне княздар және боярлар арасында барынша қарсылық тудырған. Бірақ бұл қарсы дауыстар да казактар өздерінің әскери іскерлігін көрсеткесін тынышталған. Жаңа бодандардың іскерлігіне көзі жеткен Василий Темный даламен шекаралас жерлерде жаңа ұлыс ашып, оның ханы ғып Қасымды тағайындады. Соңғының есімі кейін осы хандықтың атауына айналды. Касимдік казактар Қазан, Қырым және Ұлы жүз үшін нағыз құдайдың жазуына айналды. Ал егер ерікті казак республикаларына келсек, олар да анархиялық топтардан өз саяси мақсаттары бар орнықты ұйымдарға айнала бастады. Қайнаркөздер деректері бойынша, бірінші казактар ұйымдарын запорож казагы Мамай, немесе бірінші Дон атаманы Сары Азман сияқты далалықтар басқарған. Алайда кейін бүкіл XVI ғасыр бойы крепостной правоның қатаюына және Русьтағы опричнинаның шектен шығуына байланысты, қазақылық қозғалысында славяндар көбейе бастады. Ал олар келді де бұрынғы тәртіпті өзгерте бастады. Олар православие дінін таратты және бұл фактор қазақылық тарихында өте маңызды болды. Дәстүрлі діни нанымда болған далалықтарда қазақылықта болған біраз кезеңнен кейін өз ұлыстарына қайтуға мүмкіндік болды, ал христиандықты қабылдағандар бұл туралы ойлай алмайтын. Осылай дала бұзақыларының санасында өзінікі боп енді Мәскеу көрінді. Және енді соны бағыт тұтқан казактар жыл сайын көбейе берді. Бірақ енді біз Жәнібек пен Керейге қайтып келейік, олардың ұзақ уақыт қазақылықта болғаны, олардың балдарының