Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 29

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

көне түрк династиясы Ашинадан («қасқыр қаншығынан туғандар») шыққан. Олардан болгар патшалары асенидтер де шыққан. Бірақ бұл нұсқалар бір-біріне қайшы емес, өйткені Ильбури түркі тілінен «бөрі елі», «бөрі тайпасы» деп аударылады және де бір кезде Ашинаның ескі атауын жәй ауыстыра салуы мүмкін. Алайда, өздерінің өзіндік ақсүйектері болса да, ол біртұтас мемлекет құруға әкелмеген. Көптеген қазіргі Қазақстан тарихшылары өздерінің жұмыстарында бір түсініксіз «Қыпшақ хандығы» жөнінде айтады, алайда, монголдан бұрынғы кезеңде біртұтас қыпшақ мемлекеті болды деген еш салмақты дерек жоқ. Әрбір тайпаны өз ханы басқарған және орыс жылнамаларына қарағанда, даладағы мұндай билеушілердің саны бірнеше оншақтыға жеткен. Көрші тайпалар сыртқы жаумен соғысу үшін аз уақытқа одақтастық жасап отырған, бірақ, әрине, мұндай бірлестіктерді мемлекет деп атау әдепсіз болар еді. Сондықтан атышулы тарихшы В.Бартольд айтқан «қыпшақтардың қозғалысы бір халықтың еш саяси бірліксіз және ешбір мемлекеттілік жасаусыз зор территорияны басып алудың сирек үлгісі. Жеке қыпшақ хандары болған, бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған емес» деген пікірімен келісуге тура келеді. Автордың ойынша, Қият руының казактары барлық ежелгі монгол тайпалары нирундар мен турлигиндерге бұрын атақты, бірақ қазір жоқ болған «монгол» тайпасының атын берген, сол сияқты Ел бөрі руының казактары да оғыз, кимак және карлуктан шыққан барлық ежелгітүркі тайпаларына өздері шыққан қыпшақ тайпасының атын берген. Ең қызығы, олардың екеуі де өз тотемдік шежіресін бөріден таратады және де олардың Ашинаның ежелгі түркі руына туыстас болуы да әбден мүмкін.

      Сондықтан Р. Темиргалиевтің айтуынша, «монголдардың басты мақсаты Ильбури династиясының өкілдері болды, монголдар аңға шыққандай, оларды өлтіре берді, ал қаруын тастағандарды Монголия мен Қытайға жеткізген. «Бөрі қаншығынан туған» ұлы түрк қағандарының ұрпақтары «күн сәулесінен туған» «бөрі» ұрпақтарына зор қауіп төндіретін еді. Қыпшақ ақсүйектері 1242 ж. дейін жанкешті қарсылық көрсетті, бірақ олардың күресі жеңіліспен аяқталды. Дәл осы нәрсе хан Батудың батыстық жорығының басты мақсаты еді. Ал еуропалық отырықшы халықтар соған қосымша ретінде ғана бағындырыла салынды. Ең алдымен жаугерлерге Батыс Дешті Қыпшақтың даласы керек еді». Одан әрі Р. Темиргалиев жазады: «монголдар далалық мәдениетінің өзгеше әдетінше қыпшақтарды өзге халық деп санамаған. Мысалы, 1223 ж. Кавказдағы құпия келіссөздер барысында, Ибн ал Асирдың деректері бойынша, монгол қолбасшылары Субэдэй мен Жебе қыпшақ хандарына арнаған сөздерін былай деп бастаған: «Сендер мен біз бір руданбыз». Өз кезегінде Ибн Халдун да атап өткен: «қыпшақтарда баяғыдан бері Шыңғысхан татарларымен тығыз байланыс бар. Көбінесе қыпшақтар, олардың қыздарын әйелдікке алып, татарлармен әйелдік жағы арқылы туыстасқан. Сондықтан Шыңғысхан қыпшақтарды өзінің руласы санаған. Қайнаркөздерде әлдеде көптеген мұндай деректер бар, қазіргі тарихшылар көне үйсіндер, жалаирлар,

Скачать книгу