Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 24
Бұған сену қиын шығар, бірақ Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінің ғылыми кітаптардың және жәй мектеп оқулықтарының ондаған беттерінде көркем баяндалған суреттеулер жалғыз-ақ қайнаркөзден алынған, дәлірек айтқанда, XVI ғ. Мұхаммед Хайдар Дуглатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасынан. Егер Мұхаммад Хайдар Дуглатиді тура баяндаған кейінгі жылнамаларды есептемегенде, бұл оқиға туралы айтатын өзге қайнаркөздер жоқ. Әрине, тек қана қазақ емес, әлем тарихында да көптеген оқиғалар бізге көбінесе бір қайнаркөзден жеткен. Бірақ ең қызығы, қазіргі тарихшылардың қолында XV ғ. Қазақстан территориясында болған оқиғаларды суреттейтін бірнеше жылнамалар бар. Олардың ішіндегі біріншісі, сөзсіз, Масуд бен Османи Кухистани жазған «Тарих-и Абу-л-Хайр-хани». Бұл шығармада автор XV ғ. 20–60-шы жылдарындағы Өзбек ұлысында болған барлық атауға тұрарлық маңызды оқиғаларды егжей-тегжей баяндайды, Абулхаирдың билігіне бағынған барлық тайпаларды тізбектейді, барлық сарай қызметшілерін және қолбасшыларды атап өтеді, бірақ Керей мен Жәнібекке еш тоқталмайды. Шейбанид тарихшыларының өзге жұмыстарымен танысқанда да, сол картинаны көреміз. Шибан династиясының хандары қазақ төрелерінің ант ішкен жаулары еді және, әрине, олардың тарихшылары мемлекеттік идеологияның талабына сай тарихи нұсқаларды келтіруге тырысты. Егер мысал сұрасаңыз, Кухистанидың Абулхаирдың саяси қарсыластарының суреттеуіндегі мынандай бір үлгіні келтіруге болады: «Жошы ұрпағы падишахтарынан болған Махмудхан мен Ахмадхан бағыну және мойынсыну аяғымен жүрмеді және де бүлік пен керіс туын көтеріп, бағынбаушылық және тыңдамаушылық қонысында тұрды». Міне, сондықтан неге әлгі Кухистани Жәнібек пен Керейді Алла қолдаған билікке қарсы шыққан бүлікші және бұзық деп суреттемегеніне қайран қаласың. Ұғынуға одан да қиыны, неге әзірге тарихқа белгілі жалғыз қазақтың жылнамашысы Қадырғали Жалаири Қазақ хандығының дамуындағы негізқалаушы хандардың рөлін атамайды. Бұл сауалдардың бәріне жалғыз ғана жауап бар. Ешқандай «көшіп кету» іс жүзінде болмаған (яғни қазақ хандары өздері келтірген қайнаркөздері бойынша Өзбек ұлысында тұрмаған, олар одан көп батыс жағында, Ұлы Жүздің сыртында, Кавказ және Қара теңізге жақын жақта қазақылық еткен – (Авт. еск.). Мұхаммад Хайдар Дуглати, иә, барлық кезде молынан кездесетін бір тарихи бопсалауға алданып қалды, немесе саналы түрде себебі белгісіз бір өтірікке барып отыр. Және де бұл автордың барлық деректерді өзгелердің аузынан алып отырғанын есте сақтауымыз керек. Қалай болғанда да, біз енді шындықты біле алмаймыз, бірақ Мұхаммад Хайдар Дуглати ұсынған Қазақ