Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 21
Сөйтіп, біз оқулық редакторларымен, олар айтқандай, «қазақ қоғамының ұйымдасу формаларын бірте-бірте ауыстыру жөнінде болды» дегенге келісе алмаймыз (387 б.), өйткені жүздерде дербестенген ұлыстар мен олардың жұрттары бірігіп кеткен. Ал жоғарғы билік қалай төрелерде болды, сол күйінше қалды. Сол сияқты тайпалардың өз-өздерін басқару билігі де сол күйінше билерде қалған. Таратып айтқанда, хандар жаңа ұлыстар ашу, немесе тарату мүмкіндігінен айырылды, ал казактар көшетін территориясы шектеулі болғасын, өздерінің тұрақты көшіп-қону бағыттарын анық орнықтырды.
Міне, осы кезеңнен бастап жаңа патшалар мен мемлекеттер іздеп, көшіп қону мүмкіндігінен һәм қажеттілігінен айырылғасын, ежелгі монгол қазақтары қазіргі қазақтарға айнала бастады. Яғни, шынымен жаңа империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысхан құрған ежелгі монгол-казак империясының қирандысында ғана туыла бастады. Міне, сондықтан үйреншікті арбадағы киіз үйлер ретіндегі «қазақ арбалары» (казак терген) сол ғасырда құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына орасан зор өзгерістер әкелді (389 б.). Және де егер салдар себепке себеп деген тұжырыммен келісуге болмайтын болса, осы өзгерістер жүздердің пайда болуына себеп болды деген пікірмен де келісуге болмайды.
Сол сияқты оқулықпен XVII ғ. көшіп-қонудың ұлыстық жүйесі ауылдық жүйеге ауыстырылды дегенге де келісуге болмайды (389 б.). Біріншіден, ұлыс – таза саяси құрылым және қазақ даласының жағдайында ұлыстық көшіп-қону есеп-қисап жағынан пайдалы емес, екіншіден, көшіп-қонудың кез келген таборлық тәсілі сияқты, көшіп-қонудың қоралы тәсілі де Монголия территориясында Шыңғысхан казактарының ауылдық тәсілі жеңгеннен кейін тірлік етуден қалады; үшіншіден, көшіп-қонудың ауылдық тәсілі Қазақстан территориясындағы Жошы ұлысы пайда болғаннан бұрынғы қыпшақ-қимақ одағында билік еткен. Қайталап айтайық, басты тұлғасы байлар болатын көшіп-қонудың ауылдық тәсілі көшпенді бақташылық дамуындағы, қазақы, яғни, ең жоғары деңгейдегі кезең. Көшіп-қонудың қазақы тәсілі казактардың үш ордасында да (Ұлы, Орта және Кіші жүздер) басты болған. Сондықтан оқулықтың «егер онша биік емес әскери-әкімшілік ұғымдардың бірі ірі тайпалық (ауылдық) қоғамдастықтардың