Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 16
Көне ұйғырлардың мифтік Оғыз қағаны (оның мүмкін ежелгі нұсқасы – ғұн патшасы Модэ) мен өмірде бар Шыңғысханның көк бөріден дүниеге келуі, сонымен қатар, қазақ Алаш ұлдарының бурыл бөріден таралуы оларды осы мифтік шығу тегі арқылы біріктіргендей. Осы иран ізінен ежелгі маңғұл тәңіршілдігінің митраистік (зәрдүштік) тамырлары шығады және ислам Алласын да түркілер мағыналас иран сөзі «Құдай» атауымен атаған. Мұның айғағы ретінде VII–VIII ғғ. Тәңірі-Ұмай, Күн мен Ай және Орталық Азиядағы көне түркілер діни-мифологиялық пантеонының (Монголиядағы Орхон-Енисей тас жазулары), оларға Кавказ ғұндарын (Мовзес Каганкаттвацидің Х ғ. «Авган тарихы») және дунай болгарларын (Мадараның грек эпиграфикасы) қосыңыз, бір болғанын растайтын түсініксіз деректерді келтіруге болады. Мысалы, Мовзес кавказ ғұндары жөнінде: «зарлап жылау мен пышақпен беттерін тырнау сияқты қайғы көріністерімен қатар, зиратта бәйге, жын-ойнақ ойындар, ойнас ұйымдастырылған» деп жазса, VI ғ. ақсүйек түрктің жерленуі жөніндегі қытай қайнаркөзі былай дейді: «марқұмның туыстары жануарларды құрбанға шалады, қайғысының белгісі ретінде беттерін тіліп, содан бәйге ұйымдастырып, эротикалық сипаттағы жігіт пен қыз ойындарына көшеді, мұның ақырында жастардың ата-анасы бір-біріне құда түседі» (cонда, 146 б.). Ең қызығы, қазақтардың да түрлі тойларында, тіпті ас бергенде де, осындай эротикалық ойындар болған.
Демек, мұнда да түсініксіз ұқсастық жалғасып отыр. Бірақ егер ғұндар мен түрктер арасындағы барлық осы ұқсастықтарды түсіндіру үшін Кавказ аумағы және IV–VI ғғ. Солтүстік Кавказдың түркітілдес этникалық топтары (ішінде Дағыстан ғұндары да бар) ғұн, болгар тайпаларының негізгі көпшілігімен ажырамас болса, (оқулық осылай түсіндіреді) және теле тайпалар одағының батыс бөлігімен тығыз байланыста болса, (ал олардың негізінде Орталық Азияда V–VI ғғ. көшпелі гуздардың («тогуз – огуз») және монголдан бұрын басымдық еткен ежелгі ұйғырлардың («он уйгур»)жаңа тайпалық одақтары қалыптасқан), онда