өзінен өзі түсінікті ойды ғылыми өмірге жібермеген. Бір сөзбен айтқанда, оқулық былай дейді: «казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтік: қазақ дегеніміз қуғындаудағы, тек өзіне ғана және қылышына ғана сенетін жалғыздан жалғыз тұлға; қазақ дегеніміз алыс жолға дос-жарансыз жалғыз өзі шығатын адам; Бабырдың айтуынша, «аса өжетті, жауының малын шаршаусыз талайтын тұлға, ол да қазақ». Кейбір уақытта қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен казак өмір дағдысын сүретін адамдар аз болмаған. Тарих-и Рашидидің авторы куәландырғандай, сол заманның ұғымынша, бұл тіпті мақтан тұтатын нәрсе деп саналған (250 б.). Автор пікірінің оқулық редакторлары пікірінен айырмашылығы тек бір-ақ нәрседе: автор барлық көрсетілген деректердің негізінде «еркін болу» әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толыққанды этникалық айырмашылыққа айналды деген ақиқатты аксиомаға айналдырады. Бұл әбден-ақ табиғи нәрсе, егер этностың негізі туысқандық, нәсілдік және өзге де антропологиялық белгілері емес, өмір сүру дағдысы, мінез-құлық ұстанымдары және әлеуметтік қауымдастықтардың өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттері болса. Ал нәсілшілдікті дәріптейтін болсақ, ол ғылыми сын көтермейтін нәрсе, әсіресе азды-көпті үлкен ру-тайпалар, ұлттық топтарға қатысты. Казак өмірінің мәдениеті мен тұрмысы аса ерекше болса да, жұпынылау болды. Осыдан оны казакане деген, яғни қазақша. (Мүмкін, осыдан орыстың казакині де шыққан шығар). Казактарға қосылған жолдастарын арнайы казакдаш деп атаған. Осылайша казактардан әскери қауымдастықтар, казактардың еркіндік жайылымы пайда болған, мұсылманша оны джама ат-и казак (251 б.) деген. Мұны этнографиялық нәрселер деп пайымдау артық болар. Кереит Тогрул ханның, Тайчуид Есугай батурдың, тіпті Шыңғысханның өзінің және оның бодандарының қазақылық статусы күмән тудырмайды, әйтпесе, неге олар жалғыздан жалғыз алыс сапарларға шығады? Егер казактар могол, қырғыз, өзбек, ноғай, орыстікі болып бөлінсе, бұл тек қаңғыбастардың түрлі тобына жараса беретін казак ұғымының жалпылама екенін айтып тұрған жоқ, сонымен бірге, осы казактардың бір ежелгі монгол этносынан, немесе далалықтардың саналы империялық жүздіктерге (мыңдықтарға) бөлінген ұйымы арқылы құрылған суперэтносынан екенін айтады. «Өзге сөзбен айтқанда, Өзбек Ұлысынан бөлініп, Жетісуға көшіп келген тек қана Абулхаир саясатына қарсы жәй ғана жекелеген тайпалар емес, жәй ғана саяси топтар емес, 1459–1460 жж. бөлінуден бұрын бөлектеніп үлгірген конгломерат ретіндегі субэтникалық қауымдастық», сондықтан, XIX ғ. этнографы А. Хорошхинның жазбалары бойынша, қазақтар былай деген екен: «Менің ата-бабаларым, менің бастауым – өзбектер» (252 б.). Міне, сондықтан Мәуреннахрға көшкен өзбек-қазақтар Бату ұрпағы емес, Шейбан ұрпағы Абулхаир негізін қалаған ұлыстың атауын сақтай отырып, XX ғ. субэтнос ретінде жойылып кетеді. Ал Урус ханның ұрпағымен Жетісуға көшіп кеткен өзбек-қазақтар, шейбанидтерден бөлек болу үшін, өзбек атауынан бас тартып, өз өмір дағдысының атауын қабылдаған, өйткені, оларда бірінші