бұрынғы қыпшактікі мүлде басқа болса, ал қазіргі маңғұл (халхалардікі) тек мөлшерлі түрде тең болса, онда В.П. Юдиннің мынандай дерегіне аса назар аударуымыз керек: «Кейін сол жаққа (Қазақстанға – авт.) жанұясымен көшкен маңғұл жауынгерлерінің қосымша контингенті келді. Кейбір жеке жағдайларда олар бұрын Шыңғысхан ұлдарына бөлінген төрт мың әскерден әлдеқайда көп болатын (Юдин В.П., Центральная Азия…, 109 б.). Сөйтіп, керісінше, ежелгі монголдар көптеген жергілікті ру мен тайпаларды өздерінің жүздіктеріне таратқан және өздерінің өмір дағдысына көндіріп һәм ру-тайпалық ақсүйектерді билігінен айырып, оларды этникалық ассимилияцияға ұшыратқан. Монгол нируннан шыққан Шыңғысханның казактары бұрын өздерінің ежелгі монгол тайпаларын да (турлигиндерді) сөйткен. Яғни, әзірше монголдардың біздің жерге үдере көшкені жөнінде айтуға негіз болмаса да, олардың ешбір (тілдік болсын, антропологиялық болсын) ассимилияцияға ұшырамағаны жөнінде нақты айтуға болады. Ежелгі түркі-монгол тіл қауымдастығындағы мәдени-тұрмыстық жағынан біртұтас «алтай тайпалары» өзінің шежіресін көне түркілердің көк бөрісінен шығаратын рулардың жоғарғы билігін әрқашанда мойындаған. Борте-Чино, ежелгі монголдардың арғы атасының атауы, ол да көк бөрінің атауы еді. Ал Ашинаның аты тек көк түсті емес, «қасиетті, ақсүйек» бөріні белгілейтін (қыт. «А» және монг. «Шино»), осыған байланысты кейбіреулер еш негізсіз Шыңғысхан ұрпақтарының тотемдік шежіресінен «көк бөрі» белгісін іздей бастады. Біздің ойымызша, ежелгі монголдар жергілікті ежелгі қазақ өмір дағдысына тек әлеуметтік сарын қосқан. Олар қарасүйекті, яғни, қарапайым халықты олардың ру-тайпалық ақсүйегінен босатып, олардың бәрін казак қылған, яғни, жаңа ақсүйек дәрежесіне жеткен Шыңғысханның алтын руының қызметіндегі ерікті жауынгерлер қылған. Казактар ру мен тайпа емес, жүздіктерге, әскери әкімшілік бөліктерге таратылған. Мүліксіз, маманданған әскери сословие ретіндегі казактар Қазақстанда монголдардан бұрын да болған болу керек, бірақ ру-тайпалық ополчениеге қарағанда, олар азшылықта еді. Ал Шыңғысхан келіп, әскерге шақыру рәсімін енгізгесін, ру-тайпалық ақсүйектерге сахнадан кетуге тура келді. Монголдан бұрынғы, ежелгі түркі көшпенділерінің тұрмысы мен мінезін Юсуф Баласагуни Х ғ. былай суреттеген: «олжа табу ниетіндегі жорықтар, оны табу ісіндегі өнегелік және оны таратқанда билеушілер тарапынан жомарттық» (История Казахстана и Центральной Азии. 131 б).
Ежелгі түркі көшпенділерге неге әскери демократиялық құрылымның керек болғанының бұдан түсініктірек себебі де белгілі: оларды ғұн замандарынан бері отырықшы шығыс халықтарымен ерікті саудаға жібермеген, ал көшпенділер отырықшылардың тауарларына өте мұқтаж болған. Махмуд Кашгари айтуынша, ежелгі түркілер казақтарды «кулсыг ер» деп атаған, «яғни, құлға ұқсас», демек, өзіне керек байлықты ру-тайпалық ақсүйектерге нөкер қызметін жасап табатын кедейленген еркін ер. Бірақ әлгі атақты «атлыгтардың» мықтылығы да әл