Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 22

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер еңбегінде Қазақстанның Ресейге күштеп қосылуы еш күмән тудырмайды… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің өзі ғылыми ортада теріс бағаға ие… Тек Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңінен, XVIII ғ. бастап, қазақ тарихын зерттеу және ұғыну оңайлана түскендей. Сол дәуір құжаттарының біржақтылығы және қас пікірде екені жөнінде мың есе айта беруге болады, бірақ ең кемінде тарихшылар енді Қасымханның қасқа жолы деген аңызбен емес, «Устав о сибирских киргизах» деген құжаттың мәтінімен істес болды.

      Өкінішке орай, қазақтың ұлтшыл тарихшылары үшін Ресей империясы құрамында болғанын негативті бағалауға ешбір объективті себеп жоқ… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруі іс жүзінде көбінесе бейбіт түрде болған». Қазақ хандары «өз шешімі бойынша Ресей бодандығына кірген, ол туралы олардың тек присягалары емес, өзге де көптеген қайнаркөздері куәландырады… Қазақ батырларының тіршілігі ұлттық азаттық деп көбінесе негізсіз сипатталады… Сырым Датов, Жоламан Тленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмухаммедов сияқты көптеген азаттық үшін күресті дегендер өздерінің талаптарында Ресейден бөліну мәселесін еш көтермеген. Тек Кенесары ханды ғана XIX ғ. Ұлт-азаттық күрес идеологиясының жалғыз иегері деуге болады. Бірақ оның қызметіне ең алдымен далалықтардың өзі қарсы болды, өйткені олар Ресей бодандығының пайдасын жақсы түсінген еді. Ресей билігі осы бүлікті басуға жіберген жазалаушы әскерлердің көп бөлігі қазақтардан тұратын…. Тіпті, қазақтың ең қарапайым шаруаларының өзі 1861 жылға дейін крепостной право езгісінде болған орыс крестьяндарына қарағанда, аса жақсы жағдайда болды… Қазақстанның Ресей империясы құрамында болған уақытта жасалған өзгерістерді артық бағалау қиын. 1897 жылы болған перепись бойынша, қазақтар саны 4 миллион адамға жетті, яғни бұрын ешқашан болмаған деңгейге және бұл жағдай орыс билігінің «қазақ халқына қарсы этноцидке өтетін кезеңде геноцид жасады» деген кез келген инсинуацияны теріске шығарады (біздің танымал тарихшымыз М.Абдиров өзінің «Қазақстандағы казачество тарихы» кітабында осылай жазады).

      …Большевиктердің кезінде ғана қазақтар кейін шынайы мемлекеттілікке айналған шартты суверенитет алды. Оны айтасыз, Т. Рысқұлов, А. Джангильдин, А. Иманов, С. Сейфуллин сияқты қазақ большевиктері әлі күнге дейін ұлттық батырлар саналады. Қазақ және орыс халықтарының біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістіктегі тұрғылас тірлігінің жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.

      Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер

Скачать книгу