Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 25

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

емес. Көшпелі татарлар, өзбектер, ноғайлар, қазақтар одан гөрі тілі (қыпшақ)және мәдениеті бір біртұтас тек саяси шекара арқылы ғана бөлінген этностың субэтникалық топтары еді. Сондықтан «Кобланды», «Едыге», немесе «Алпамыс» сияқты сол кезеңнің эпикалық шығармалары қазіргі халықтардың көбіне ортақ болады. Қазақ этносының және хандығының құрылуы мүлде өзге құбылыстар, олар өзара байланыста болды, бірақ түрлі жылдамдықпен құрылған еді. Және көптеген ғалымдар, олардың ішінде Лев Гумилев та бар, қазақ этносы мен қазақ мемлекеті іс жүзінде бір уақытта, XIV–XV ғғ. пайда болды деп мүлде бекер айтқан. Негізі, кейін Қазақ хандығы деп аталатын хандық бұдан бұрын болған және оны құрған Орда Ежен, Жошының ұлы, Шыңғысхан немересі, бірақ ол Алтын Ордаға бағынатын және тек Урус қана Бату ұрпағына шартты тәуелділіктен оны босатты. Сөйтіп, хан Урус «монгол-татар езгісінен кейінгі бірінші тәуелсіз билік иесі Мәскеу князі Иван III ұқсас. Әрине, Урус хандығы, барлық көшпелі мемлекеттер сияқты, онша орнықты емес болатын және кейде ыдырап кететін, бірақ осы ахуалда ол XVIII ғ. дейін тірлік ете білді. Тірі кезінде әлемдік деңгейдегі жаңа жаулаушыға мызғымай қарсы тұра алған хан Урус өлгесін, хандыққа бірінші соққыны Ақсақ Темір жасады. Бірақ, бәрімізге мәлім, Тимур Шыңғыс ұрпағына зор құрметпен қараған, сондықтан Сығнақтың тағына ол 1395 жылы Урус ұлы Құйыршықты қойды. Алайда, жаңа билеуші билік басында көп тұра алмады және көп ұзамай кезекті өзара қырқыста қаза тапты. Бірнеше жылдан кейін 1419 жылдың бүлігі кезінде Құйыршықтың ұлы Барак хан болды. Жаңа билеуші қуатты және тәуекелшіл болатын. Ол Тимур ұрпағынан Сығнақты қайтадан тартып алды және тіпті аз уақытқа Сарайға да иелік етті. Барак өте айқын түрде өзін тәуелсіз мемлекеттің ханы және хан Урустың дәстүрін жалғастырушы ретінде санады, сондықтан ол Ұлықбекке былай деген: «Сығнақтың жайлауы заң және адат бойынша маған тиісті, өйткені менің атам Урус хан Сығнақта тұрған және сонда құрылыс салған». 1428 жылы Барақ қаза тапты және де белгілі қайнаркөздер оның өлімі себебінің бірнеше нұсқасын ұсынады. Біреулердің пікірінше, ол алтынордашылармен соғыста өлтірілген, екіншілердің айтуынша, оның өліміне кінәлі моголдар, үшіншілер оны ноғайлар өлтірген дейді және, ақыры, төртіншілер ол өзінің әмірлерінің астыртын қастаңдығынан өлген дейді. Сол жылы (өзге деректер бойынша 1429 жылы) Түменде аса түсініксіз, күмәнді жағдайларда Дешті Қыпшақ ханы боп Абулхаир сайланады. Он жеті жасар сұлтанның қалай таққа қол жеткізгені жөнінде шибан жылнамалары жұмған аузын ашпайды. Ең қызығы, Абулхаирдың жеті арғы атасында да хан титулы болмаған. Әйтсе де, осы жұмыста аталған Кухистанидің және мысалы, Камал ад-Дин Али Бинаи еңбектерімен танысқанда кейбір шешімдерге келуге болады. Біріншіден, осы авторлардың шығармаларында «қазақылықта» жүрген Абулхаирға көмектескен кейбір кейіпкерлердің аттары аталады. Барлық осындай нәрсеге қарағанда жас сұлтанды далалық аристократия зор қолдаған және егер хан Барақ өз адамдарының қолынан өлді деген дерек болса,

Скачать книгу