Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 11

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров

Скачать книгу

жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

      Ханның мұрагерлік иелігі ретіндегі мемлекет бұрындағыдай орда мен елден тұратын. Орда дегеніміз хан шатырынан және оның казак нөкерлерінен тұратын қарулы әскер. Ел мемлекетті құрайтын халық, көшпенді тайпа мен рулардың және көшіп кетуі ұлысты күйретер қарапайым казактардың одақтастығы. Ұлыс өзіне бағынышты жұртты басқарған. Еркін казак елі ретіндегі Қазақстанда мұндай ұлыстар көп болған, XVII ғ. өзінде олар жиырмадан көп болған, әйтсе де, олар үлкендігіне байланысты үш дербестенген ұлыстың айналасында біріккен. Кейін Ресей, Орта Азия және Қытай шекараларын қазақ даласы айналасында тас қып жапқанда, қазақ елі жүздермен бірігіп кеткен.

      Тұтас қазақ хандығы ешқашанда болған емес және XVI ғ. кейінгі қазақ хандықтары Монгол империясының бату, жоққа айналу тарихының бір бөлігі. Егер бәрі де Урус хан, Қасымхан сияқты, қуатты патшалардан басталса, бар егеменді тарихымыз мемлекет басшыларынан гөрі қарақшылар атамандарына ұқсас Абылай хан және Әбілқайыр ханмен бітеді. Ал егемендіктен айырылғаннан кейінгі XIX ғ. тарихымыз ол да белгілі: әлгі хандардың соңынан келген Ресей шенеуніктері қазақ даласындағы барымта мен бұзақылықты тия алмай, жынданып кете жаздаған. Қазақтардың бірінің үстінен бірі жазған арыздарына әлі де Ресей архивтері толы. Жырлары адуынды және асқақ жыраулардың орнына не болса соны сөз қылатын өлеңшілер келді. Қазақтар көбінесе соңғы пассионарларын өздері өлтіреді. Ал ұлттың нағыз мәйегі – Алаш Орда қайраткерлері халық ішінде өте аз қолдау табады. Мұның бәрі, әрине, трагедиямен бітеді.

      Көне монгол казактары жаңа билеушілер мен мемлекеттер іздеу мақсатында, көшіп кету дағдысынан айырылғасын, қазіргі қазақтарға айналған. Міне, осыдан арбадағы киіз үй ретіндегі «казак терген» арбалары құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына зор өзгерістер енген. Яғни, нағыз жаңа – империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысханның ежелгі монгол-казак империясының қирандысында пайда болды. Қазақ этносы Ресейге XVIII ғ. 30-шы жылдарында қосылды және XX ғ. 30-шы жылдарында оны күштеп отырықшы қылды. «Қазақстан трагедиясы» ретінде атышулы болған отырықшылыққа жаппай көшу барысында, Голощекин ұйымдастырған жаппай аштан өлу нәтижесінде, қазақтардың үштен екісі жойылып кетті.

      Ендігі мәселе – қазіргі XXI ғ. қазақтары қалай дамиды: бұрынғыдай жалпыазаматтық мағынасындағы титулды, нарыққа бейімделген, этностық санадан биік ұлт боламыз ба, әлде ана тілі мен титулды елдің мемлекеті негізінде бөлектеніп, этнократиялық, нарықты емес қоғамның қамытын киеміз бе? Қазіргі уақытта титулды ел басқаратын Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын жасау үшін қазақтардың дәстүрлі қазақлық мәдениетін жеке ашықтыққа және мәдениет, саясат,

Скачать книгу