Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров страница 38
Біріншіден, Монголияның өзі және отырықшы елдерден өзге еш жерде интеграция болған емес, өйткені, тек Орал сыртындағы Еділ бойы мен Қара теңіз бойына қарай қыпшақ руы Ел Бөрі қырылды. Екіншіден, этникалық құрама Ежелгі Монголиядағыдай болды, яғни, сол кезде де қазірде шартты және жөнсіздеу сыртқары көздер «қыпшақтікі» деп атаған ежелгі көшпелі түркілерден тұратын. Үшіншіден, жоғарыда Юдинге сілтеме жасалғандай, жергілікті тайпалардың оларды тілдік ассимиляцияға ұшырату ретіндегі монголдардың түрктендіруі болған жоқ. Сондықтан олар этникалық мағынасындағы мәдени-тұрмыстық ассимилияцияға да ұшыраған емес, өйткені, Қазақстандағы монголдар билік басында болатын. Ал Еділ мен Қара теңіз қыпшақтары монголдың жүздіктері мен мыңдықтарына таратылған және олар Әкімбековтың өзі айтқандай аз болған және кезінде құдыретті болған Жетісудағы карлук, канглы, уйгурлар сияқты, маңызды рөл ойнамаған (сонда, 458 б.). Төртіншіден, экономикалық тұрғыда Қазақстан даласында барлық тұрғындар әдетте қазақша ауылмен көшіп қонған. Бесіншіден, егер Юдин айтқандай, Қазақстанға ежелгі төрт мыңнан астам монгол келгенін және жоғарғы хан Толуда Шыңғысхан жарлығымен 129 монгол әскерінен қолында 101 мыңы болғанын ескерсек, келімсектердің саны аз болған жоқ. Демек, қалған 28 мыңы, яғни ер жаугерлердің отбасыларын есептегенде 150 мың адам Монголияның батыс жағына жіберілген болар. Алтыншыдан, өзіне заңды билеуші («табиғи ие») іздеудің саяси факторы ежелгі түрік суперэтносында этносқалыптасудың негізі еді, өйткені далалық социумның өзге шаруашылық және рухани факторлары ежелгі Монголия мен Қазақстанның барлық ру-тайпаларында бірдей болатын. (Мұнда тума-туысқандық және өзге антропологиялық фактор тілге тиек етілмейді, өйткені, тіпті, ең кіші этностардың пайда болу негізінде мәдени-тұрмыстық шығу тегіңнің әлеуметтік факторлары жатады. Әкімбековтың айтуынша, «шекарасы Литвадан Сырдарьяға дейін созылған Жошы әскерінің